Колледж белсенділері облыстан жүлдемен оралды

Выпуск - №14(511)   :   09.04.2022
623

Қостанай қаласындағы «Зерек» колледжінің ұйымдастыруымен «Қостанай облысы еріктілерінің өңірлік форумы-2022» өткізілді. Бұл жолы біздің Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің еріктілері тағы бір белесті бағындырды.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері қатысқан форумда Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы ретінде менің жетекшілігіммен Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «НКО», яғни нағыз көшбасшылар одағы командасы, жастар делегациясы бақ сынады. Команда құрамында Ақбота Үшқас, Анеля Омаш, Әсем Хасенова, Мөлдір Қаби сынды ерікті жастарымыз болды.

Форум барысында олар «НКО» еріктілері бастамашы болған игі іс-шараларға шолу жасады.Аға буын өкілдеріне көмек (ҰОС, еңбек ардагерлеріне, жалғызбасты және қарт адамдарға, мүгедектерге) жобасының бейне тұсаукесерін жасап, осы кезге дейін атқарылған жұмыстары жайлы толық таныстырып шықты. Форумға облыс бойынша он тоғыз колледж қатысып, нәтижесінде Арқалық қаласындағы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі жеңіс тұғырынан көрініп, жүлделі 3-орынды және «Ең үздік волонтерлік команда» номинациясын иеленді.


Күніне бір сағат болса да қоғамға тегін жұмыс істеу – әр адамның азаматтық борышы болуы керек деп ойлаймын. Иә, тегін жұмыс істесеңіз де, кейін жинаған тәжірибеңіз сізге екі еселеніп қайтып, пайдасын әкелері хақ. Әлемге жақсылық нұрын шашу өз қолымызда. Бұған дәлел, біздің колледжіміздің еріктілері ұстанған «Волонтер болу – алдымен қоғамды сәл де болсын өзгертуге қадам» деген ұраны. Еріктілікті ақысы қайтпайтын жұмыс деп емес, көп тәжірибе мен керемет адамдармен тіл табыстыратын, жаңа бастамаға апаратын ғажап жол деп ұққан абзал.


Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
Жастар ісі жөніндегі
комитетінің төрағасы,
Арқалық қаласы

Реклама

Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что  «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!