Қостанай облысының аймақтық коммуникация қызметінде Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Анжела БЕКСҰЛТАНОВАНЫҢ қатысуымен өңірлік БАҚ өкілдерімен кездесу өтті.
Қытайдың Ухань қаласынан бастау алған коронавирус бүгінде шартарапқа жайылуда. Соңғы ресми мәліметтер бойынша әлемнің 110 еліне талалып кеткен инфекцияны 138 мыңнан астам адам жұқтырған. Әлемдік сипат алғандықтан, ол ресми түрде «пандемия» деп жарияланды. Әлемдік деңгейде күрес жүргізіліп жатқан коронавирус пандемиясының алдын алу мақсатында Қостанай облысында ауқымды іс-шаралар қолға алынуда. Дәрілік препараттар мен медициналық құрал-жабдықтарды сатып алу үшін Қостанай облысына республикалық бюджеттен 35,7 миллион теңге бөлінген. Облысымызда жұқпалы дерт тіркеле қалған жағдайда әрекет ету жоспарлары әзірленіп, оның алдын алу, диагностикасы және емдеу мәселелері бойынша оқыту шаралары өткізілді.
– Облыста 254 инфекциялық кереуеттер (соның ішінде: ересектер – 109, балалар – 145) бар. Қосымша 368 (олардың ішінде ересектер – 265, балалар – 103) ашылды. Науқастарды емханаға жатқызу үшін 1 оқшаулағыш капсула бар. Инфекцияға күдігі бар тұлғалар келіп түскен жағдайға кереует қоры қосымша ашылды. Науқастарды обсервациялық бақылау үшін 100 кереуетке Облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бөлімшесі айқындалды. Тобыл қаласының психикалық денсаулық орталығының 60 кереуетке арналған жеке ғимаратының базасында провизорлық стационар ашылды, – дейді Анжела Бексұлтанова.
Бұдан бөлек облыстың стационарлық медициналық ұйымдарына Денсаулық сақтау министрлігімен ұсынылған тізім мен және емдеу хаттамасына сәйкес дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың үш айлық қорын қамтамасыз етуге өкім берілді. Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тұрғындарды қауіпсіздік шараларын ұстанып, жоспарланған сапарларды уақытша тоқтатуды ұсынды. Білім ордалары дистанционды білім алуға көшіріле бастайды. Ал жұқтырған адамдардың саны өсер болса, білім ордалары мен үлкен сауда орындары жабылуы мүмкін.
Бүгінде еліміз бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 9-ға жетіп отыр. Олардың 7-еуі Алматы қаласында, ал қалған 2-еуі елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген. Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде төтенше жағдай жариялап, қажетті шараларды қолға алуды тапсырды. «Сақтансаң, сайтайды» дегендей, халыққа айтарымыз – белгіленген тәртіпті сақтап, межеден шықпай, профилактикалық шараларды жиі жүргізіп отырыңыздар.
Жамал ШАУКЕН
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.