Көшет отырғызу – көптің ісі

Выпуск - №38 (384)   :   04.10.2019
1017

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай республика бойынша 30 мыңға жуық оқушыны қамтыған «Экологиялық сағат» акциясына Қостанай қаласындағы №29 орта мектеп те ат салысты. Шара облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен өтіп, «У нас у всех одна планета» деген ұранмен бастау алды.

Акция ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының және экологиялық ұйымдар қауымдастығының бірлескен бастамасымен ұйымдастырылғанын айта кеткен жөн. Экологиялық сағаттың басты мақсаты – жас ұрпақты табиғатты таза ұстап, қоршаған ортағақа ұқыпты қарау арқылы қоғамдық іс-шараларға белсене ат салысуға баулу.

Экосағатқа облыс әкімінен бөлек, Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов, облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев және басқа да лауазымды тұлғалар қатысып, көшет отырғызуға бір кісідей ат салысты. Шараның ашылу салтанатында сөз алған Архимед Бегежанұлы аталмыш акцияның қоғамға берер пайдасына тоқталып өтті:

– Дана халқымыз: «Бір тал кессең, он тал ек», – деп ықылым заманнан бері қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға ерекше мән беріп келеді. Міне, баршамыз республика көлемінде қолға алынған акцияға қатысып, өз үлесімізді қосып отырмыз. Бұл күні өңіріміздің түкпір-түкпірінде жаңа көшеттер отырғызылатын болады. Жалпы, 25 мыңға жуық көшет отырғызу жоспарлануда. Бұл – болашақ ұрпақ үшін жасалған игі қадам деп білемін. Шамамен, 10-15 жылдан соң мәуелі ағашқа айналған оның қызығын өскелең ұрпақ көреді», – дей келе жиналған оқушылар мен ұстаздарға зор денсаулық пен шығармашылық табыс тіледі.

Облысымыздың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Мәселен, үстіміздегі жылы Қазақстан-Ресей жастарының форумы аясында «Экочеллендж Қостанай» атты үлкен акция өткізіліп, соның аясында Тобыл өзенінің жағалауын қоқыстан тазарту шаралары жүргізілген-тін. Оған облысымыздың сегіз өңірінің жастары қамтылды. Одан бөлек, «Жасыл ел» бағдарламасы да өңірде сәтті жүзеге асуда. Мәселен, биыл 1300 жас аталмыш акция бойынша белсенді жұмыс істеді. Бұл туралы Архимед Мұхамбетов өз сөзінде атап өтті.

Бір ғана №29 мектептің ауласында 30-дан астам көшет отырғызылып, оған аталмыш білім ордасының 8-10 сыныбынан 72 оқушы ат салысты. «Акция балаларға «еңбек түбі береке» деген сөздің мағынасын түсіндіру бойынша ұйымдастырылды. Балаларымызға ауланы, табиғатты таза ұстауға баулу мақсатын көздеген шара аясында шырша, қайың және жидек ағаштарының көшеттері отырғызылды», – дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шолпан Оспанова.

Күннің суықтығына қарамастан, табиғатты қорғауға бағытталған ақцияға қатысқандары үшін мектеп оқушылары дән риза. Олар бұл істің келешектегі пайдасы мен маңыздылығын терең ұғынды.

– Адамның табиғатсыз өмір сүре алмайтыны белгілі. Табиғатқа да әркез күтім керек. Сондықтан, экологиямызды таза ұстауды әркім өзінен бастағаны жөн. Бүгінгі экосағатқа қатысып, осындай игі іс-шараға ат салысқанымызға қуаныштымыз. Өз қолымызбен төрт ағаш отырғыздық. Менің ойымша, бұндай шаралар арқылы Қостанай – республика бойынша ең жасыл қала болуы тиісті, – дейді мектептің 10-сынып оқушылары Әсемгүл Серікова мен Томирис Ерлібекқызы.

Шараға қатысушылардың ойы бір жерден шықты – 10-15 жылдасын көшеттер мәуелі ағашқа айналған соң, оның қызығын сол кездегі жас ұрпақ көрері анық. Бұл – болашақтың жарқын болуына қосылған сүбелі үлес емес пе.


Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.