«Қостанай Абайды оқиды» жобасы

Выпуск - №24 (420)   :   12.06.2020
279

Дәл осындай атаумен ақын Абай Құнанбайұлының мерейтойына орай шығармашылығын насихаттау мақсатында Л.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы виртуалды жобаны қолға алды.

Жоба шеңберінде облысымызға танымал ақын-жазушылар, педагогтер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен студенттер, оқушылар мен кітапхана оқырмандары хәкім Абайдың ұрпақ сабақтастығына айналған қара сөздерін, өлеңдері мен әндерін мемлекеттік, орыс, ағылшын, неміс, француз тілдерінде оқып, көпшіліктің қызығушылығын арттыруда.

Жоба ұйымдастырушылары танымдық мұраларды бейнефильмге жазып алып, аудиториясы мол әрі сұранысқа ие әлеуметтік желілер – Instagram, Facebook, ВКонтакте, сондай-ақ кітапхананың YouTube-тағы ресми арнасына, кітапхана сайтына көруге қойылды. Бұл жоба тұрақты түрде белгілі бір кезеңділікпен жасалуда. Болашақта кітапхана қорына ақынның барлық қара сөздерінен және өлеңдерінен құралған бейнекітап құрастыру көзделуде.

Ғұмар Ахметчин

Жобаның танымалдылығы мен қажеттілігі туралы статистикалық мәліметтер күн өткен сайын нәтижесін беруде. Жоба аясында алғашқылардың бірі болып белгілі сатирик қаламгер, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Ғұмар Ахметчиннің қатысуымен бір ай көлемінде YouTube арнасында жарияланған бейнероликтің қаралым саны 76-ға жетті, яғни орташа есеппен алғанда күніне қаралым саны – 3-ке тең. Жалпы қазіргі уақытта ұсынылған барлық материалдар интернет-ресурстарда 9202 рет қаралған.

Сондай-ақ облысымызға және республикаға танымал ақын-жазушылар А.Шаяхмет, С.Оспанов, Н.Мұқатов, Ж.Баязид және білім саласының майталмандары Д.Легкий, А.Суслова, Ш.Төлегенова, танымал аудармашы А.Досов, Қостанай облыстық Марал ишан мешітінің наиб имамы Ә.Балахмет, т. б. қатысушылармен бүгінде бейнероликтердің ауқымы кеңеюде. Қаламыздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары ақынның қара сөздерін ағылшын тілінде де оқып, белсенділік танытты. Сонымен қатар индустриалды-педагогикалық колледждің студенті Екатерина Ермолаева ақын өлеңін үш тілде сауатты оқи білді.

Жобаға кітапхана жанынан құрылған «Ақ қауырсын», «PrataMartis», «Ковчег», «Крылья» әдеби бірлестіктердің мүшелері де өз үлестерін қосты. Аталмыш ауқымды жоба Абайдың әдеби және философиялық мұрасын насихаттауға, білім көкжиегін терең тануға, жастардың әдебиетке деген қызығушылығын молайтуға және отандық мәдениетті қалыптастыруға, кітапхананың виртуалды және нақты келуші оқырмандар санын арттыруға ықпал етері сөзсіз.


Енгізілген карантиндік режим жағдайында облыстық кітапхана жоспарлы жұмысын ғаламтор аясында қарқынды жүргізуде. Адамдардың өзін-өзі оқшаулауды қолдайтын, осы күрделі уақытта қажетті рухани тірек беретін онлайн сұхбаттар, шығармашыл жастарды біріктіретін онлайн конферциялар, жаңа кітаптардың таныстырылымына арналған бейнешолу және т. б. жұмыстар жалғасуда.


Айтжан ҚҰРЫМҒАЛИҰЛЫ,
Л.Н. Толстой атындағы
облыстық әмбебап ғылыми
кітапханасының қызметкері,
Қостанай қаласы

Реклама

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!

Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.