Қостанай қаласының мектеп оқушылары өңіріміздегі Allur машина жасау зауытына экскурсия жасап қайтты. «Жастар рухы» жастар қанатының Қостанай облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға алты мектептен 30 оқушы қатысты.
– Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялағаны баршаға мәлім. Осыған байланысты, мектептердің 9 және 11-сынып оқушыларына арнайы кәсіптік бағдар беру жұмыстарын қолға алдық. Жұмысшы мамандықтарына қызығушылық танытатын жастардың қатары аз болғандықтан, осы сала мамандарының беделін арттырып, жастарға жұмысшы мамандықтарын ішкі жағынан жан-жақты ашып көрсетуді мақсат етіп отырмыз, – деп бөлісті «Жастар рухы» жастар қанатының Қостанай облыстық филиалының төрағасы Аружан Сәрсенбаева.
Оқушыларға заманауи өндіріс процесін көрсетіп, олардың техникалық мамандықтарға қызығушылығын арттыруды көздеген экскурсияға Қостанай қаласының №8, №11, №17, №22 жалпы білім беретін мектептерімен қатар Чапаев негізгі мектебінің және А.Бірімжанов атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары қатысып, зауыттың тыныс-тіршілігімен танысып, мамандарға қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігін алды.
Экскурсия барысында оқушыларға зауыттың автомобиль құрастыру желісі, металл өңдеу цехы, бояу және дәнекерлеу бөлімдері жан-жақты түсіндіріліп, көрсетілді. Олар зауыт мамандарының жұмыс барысын өз көздерімен көріп, көліктерді жинақтау кезеңдері, сапаны бақылау жүйелері, автоматтандырылған процестер туралы кеңінен ақпарат алды. Қатысқан оқушылардың көпшілігі үшін бұл өндіріс орны жаңа әлемнің есігін ашқандай әсер қалдырды. Ал, техника мен машиналарға қызығатын жастар зауыттың жұмыс барысына ерекше ынтызарлық танытты.
Аружан Айдарқызының айтуынша, кәсіптік бағдар беруге бағытталған жұмыстар жыл бойы жалғаспақ. Алдағы уақытта бірталай танымдық экскурсиялар, арнайы форумдар мен диалог алаңдарын, қарапайым жұмысшыдан биікке көтеріліп, өз саласының шебері атанған майталман мамандармен кездесулерді, сондай-ақ «жұмысшы мамандығы – тек ер адамдар үшін» деген таптаурындарды жоюға бағытталған іс-шараларды да өткізу жоспарлануда.
– Экскурсия барысында зауыттың тарихына тоқталып, мамандар жұмыс барысын тыңғылықты көрсетіп, түсіндіріп берді. Зауытқа кірер алдында бізді қауіпсіздік ережелерімен толық таныстырып өтті. Неге екенін түсінемін, дегенмен бір қынжылтатыны – телефондарымызды кіреберісте алып қалды. Қаншама қызықты дүниелерді көрдік, соның бәрін түсіріп алғым келді. Ал, экскурсияның өзіне келер болсақ, ұмытылмастай болды. Бәріміз де ерекше әсер алып шықтық. Зауытта көптеген процестер автоматтандырылған, сонда да адам еңбегінің қаншалықты маңызды екенін түсіндік. Ұйымдастырушыларға зор алғысымды білдіремін, – дейді №17 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы Ульяна Новак.
Аталмыш білім ордасының 9-сынып оқушысы Дарья Вахрушева үшін бұл тәжірибе жұмысшы мамандықтарын жаңа қырынан ашқандай болды: «Бәрі көңілімнен шықты. Әсіресе, су жаңа көліктерге кіріп, ішкі дизайнын қарап қана қоймай, қалай жасалатынын өз көзіммен көру қызық болды. Зауыттың ішкі атмосферасы да ерекше – бәрі реттелген, өндіріс процесі айқын ұйымдастырылған. Жұмыскерлердің өз ісіне деген ынтызарлығы қатты ұнады».
Осындай іс-шаралардың басты мақсаты – жастарға заманауи өндірістің қаншалықты қарқынды дамып жатқанын көрсету және техникалық мамандықтарға деген қызығушылығын арттыру. Айтқандай, «Жастар рухы» жастар қанатының ұйымдастырушылары алдағы уақытта да танымдық іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр.
Осынау экскурсия – мектеп оқушылары үшін маңызды тәжірибе ғана емес, сондай-ақ болашақтағы мүмкіндіктерге бастау болмақ. Мүмкін, олардың арасынан ертеңгі күні еліміздің ең үздік инженерлері, конструкторлары және зауыт жетекшілері шығатын болар... Бәрі де уақыттың еншісінде.
Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».
Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.