Қостанай облысының прокуроры Марат Сексембаевтың төрағалығымен қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесіне арналған отырыс өтті. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, соңғы екі жылда жасөспірімдер тарапынан 30 қылмыс тіркелсе, қаладағы білім беру мекемелерінде 16 заң бұзушылық анықталған.
Мамандар басты назарды әлеуметтік тұрғыдан әлсіз санаттағы балаларды қолдауға аудару қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар оқушыларды тек қосымша білім беру бағдарламаларымен қамту қылмыстың алдын алуға толық мүмкіндік бермейтіні айтылды. Сол себепті осы бағытта кешенді әрі жүйелі жұмыс жүргізу маңызды.
– Білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың алдын алу барлық жасөспірімдер үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырудан басталады. Бүгінде қаладағы 38 мектептің барлығы автоматтандырылған психологиялық мониторинг жүйесіне қосылған. Ал психологиялық қолдау көрсету мақсатында 2023 жылдан бастап практикалық психология кабинеті жұмыс істеп келеді. Одан бөлек қала прокуратурасының бастамасымен құрылған «Бала қорғау» Telegram-чаты өз қызметін жалғастыруда, – деді Қостанай қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаева.
Қалада тіркеліп отырған құқық бұзушылық деңгейі алаңдатарлық. Айталық, республика бойынша Қостанай қаласы қылмыс көрсеткіші жағынан екінші орында тұр. Статистикалық деректерге сәйкес, әр 10 мың тұрғынға шаққанда 108 қылмыс тіркелген. Осыған байланысты «Айқын нәтиже» жобасының облыс орталығында қолға алынуы заңды шешім болды. Аталған бастама «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асуда. Облыс прокурорының айтуынша, жобаның негізгі мақсаты – азаматтарды жазалау емес, құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу. Жоба қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған 10 негізгі бағытты қамтиды.
– «Айқын нәтиже» – бір реттік науқан емес. Жоба нақты қылмыс түрлеріне бағытталған. Онда көшеде жасалатын қылмыстар, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, жол-көлік оқиғалары секілді бағыттар қамтылған. Облыс орталығында атқарылып жатқан шараларға қарамастан, кейбір қылмыс бойынша көрсеткіш азаймай тұр. Мәселен, адамға жасалған қылмыс 80 пайызға өсті, – деді Қостанай облысының прокуроры Марат Сексембаев.
Қостанай қаласы есірткіге тәуелділік пен нашақорлар саны жағынан да республика бойынша алдыңғы қатарда. Сондай-ақ түнгі клубтар мен кафе-барлардың кіреберістерінде адам ұрып-соғу, төбелес фактілері жиілеген. Былтыр дәл осындай ойын-сауық нысандарынан 46 құқық бұзушылық анықталған.
– Қылмыстың алдын алу – баршамызға ортақ жауапкершілік. Бұл мәселе әрбір жиында тұрақты түрде қаралып келеді. Дегенмен, бұл – кезең-кезеңімен жүзеге асатын жоспарлы жұмыс. Сіздер атап өткендей, «Айқын нәтиже» жобасы алдағы уақытта одан әрі жетілдіріле түседі. Әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетеміз. Қаржылай тұрғыда да, өзге бастамаларды іске асыруда да қолдау білдіруге дайынбыз, – деді Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев.
«Айқын нәтиже» жобасы сәтті жүзеге асқан жағдайда қылмыстық құқық бұзушылықтар деңгейі төмендеп, азаматтардың түсіндірме жұмыстармен қамтылу көрсеткіші арта түспек. Ең бастысы – тұрғындардың құқық қорғау органдарының жұмысына деген сенімі нығаяды.
Гүлім БАТЫР,
Әділет НҰРАБАЕВ,
А.Байтұрсынұлы атындағы
ҚӨУ журналистика
мамандығының
4-курс студенттері
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.