Рудный қаласындағы Мемлекеттік тілдегі кітапханада Тәуелсіздік күніне және қалалық ардагерлер ұйымының 50 жылдығына орай, жергілікті ақын МОЛДАШЕВ Сүндет Ұбайұлының өмір жолы мен шығармашылығына арналған кездесу өтті.
.jpg)
«Қаламгер құрмет иесі» тақырыбындағы кездесуді Рудный қалалық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру шеңберінде қалалық ардагерлер ұйымы, М.Дулатов атындағы №15 мектеп және Мемлекеттік тілдегі кітапхана бірлесе отырып ұйымдастырған. Сүндет Ұбайұлы – ақын ғана емес, тіл маманы, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі, сондай-ақ кітапхана жанындағы «Кездесу» клубының мүшесі.
Тағылымды басқосуға Рудный қаласының құрметті азаматы, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәлімгерей Бексеитов, ардагерлер кеңесінің мүшелері Ғабдолла қажы ата Ахметжанов, Нураддин Букирбаев, қалалық ардагерлер ұйымының тексеру комиссиясының төрағасы, жоба жетекшісі Ляйля Капанова, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі және кітапхана жанындағы «Кездесу» клубының мүшесі Жақсылық Кәкенов, жергілікті қаламгерлер, кітапхана жанындағы «Кездесу» клубының мүшелері Муслима Баймурзенова, Қыдырбек аға Өтебаев арнайы қатысты.

Іс-шарада кітапханашы ақын Сүндет Молдашевтің өмір жолы, отбасы, шығармашылығы туралы мәліметтер беріп, арнайы бейне слайд көрсетіп өтті. Балалар ақын өлеңдерін нақышына келтіре оқып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Артынша «Асылдар сөзі» кітабына және ақынның өлең-жырлары жарияланған газеттерге шолу жасалды. Кеш барысында ақын ағаның замандастары жүрек жарды тілектерін жеткізіп, Муслима Нұрғалиқызы ақынға арнап шығарған «Арнау» өлеңдерін оқыды. «Құрдастар тобы» өнерпаздары «Қазақстан бақытты», «Ағаларым», «Ауылды ұмытып кетпеңдер» әндерін орындады.
Шара соңында қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Сәлімгерей Сұлтанғазыұлы, «Кездесу» клубының мүшесі Жақысылық Кәкенұлы ақын ағаға арнайы сый-сияпаттарын, артынша кітапхана меңгерушісі Гүлбараш Уалиева сөз алып, ұжымының атынан сыйлық табыс етті. Өнегелі әңгіме өрбіген шара көпшілікке жақсы әсер қалдырды.
Жаңагүл УРГАНЧБАЕВА,
Мемлекеттік тілдегі
кітапхана қызметкері,
Рудный қаласы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.