Лайықты марапат төрінен табылды

Выпуск - №№34(481)   :   02.09.2021
925

Жуырда Қостанай қалалық балалар шығармашылығы мектебінде жылдағы дәстүрге сай биылғы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған педагогтердің тамыз кеңесі өтті. Облыс орталығының бірқатар педагогтері марапат биігінен табылды.

«Үздік мектепке дейінгі ұйым» аталымында жеңіске жеткен №8 балабақшаның директоры Айгүл Тусова ақшалай сыйақының сертификатын иеленді

«Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталып жатқан Эльмира Рахимова

Конференция жұмысына қала әкімінің орынбасары Саят Шаймурунов, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Рүстем Болат, білім басқармасының басшысы Зәуре Байменова, білім бөлімінің басшысы Гүлсім Уразбаева, білім беру ұйымдарының директорлары, қала педагогтері және ата-аналар қатысты. Ресми бөлімде конференцияға қатысушыларға қала әкімі мен білім басқармасының басшысы құттықтау сөз сөйледі. Олар конференцияға қатысушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, зор денсаулық, шығармашылық табыс тіледі.

2020-2021 оқу жылының қорытындылары, жаңа уақыт сын-тегеуріндері жағдайында білім беру жүйесін сапалы дамытудың басым бағыттары мен перспективалары туралы білім бөлімінің басшысы Г.Уразбаева сөз сөйледі. Өз сөзінде ол аса көрнекті педагог, Қостанай жерінің тумасы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы – әрбір мұғалімге өзінің педагогикалық қызметін ұғынуға және қазақстандық білім беру саласының дамуына қосқан үлесін бағалауға жақсы себеп екенін атап өтті.


Конференцияның екінші бөлімінде барлық санитариялық нормаларды сақтай отырып, педагогтерді «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қостанай облысы әкімінің, Қостанай облысы білім басқармасының, Қостанай қаласы әкімінің грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапаттау рәсімі өтті. Атап өтер болсақ, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен қаламыздың №1 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Эльмира Рахимова, Қостанай облысы әкімінің грамотасымен №7 ЖББМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ұлтусын Бисенова, Қостанай қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен қалалық білім бөлімінің ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Еркебұлан Олжабаев, №115 ЖББМ бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі инженері Амандық Ахатов, №13 балабақшаның директоры Асыл Уралбаева, гимназия мектеп-бақшасының директоры Раушан Мадина, «Диами» жеке балабақшасының құрылтайшысы Гүлмира Дамбаулова марапатталды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің грамотасына №21 ЖББМ директоры Анар Кабдулинова, №17 балабақшаның директоры Римма Абишева, №22 ЖББМ математика пәнінің мұғалімі Наталья Станогина, аталмыш министрліктің Алғыс хатына №24 мектеп-гимназияның директоры Данагүл Сюндикова, №2 мектеп-лицей директоры Гүлфия Дандыбаева, №18 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Зинегүл Сергазина ие болды. Білім басқармасының грамотасымен М.Горький атындағы гимназияның математика пәнінің мұғалімі Динара Клышева, №6 ЖББМ информатика пәнінің мұғалімі Лариса Гаджиева марапатталды. Одан бөлек Қостанай қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, ақшалай сыйақыға ие болған ұстаздар да болды. Барлық педагогтерді лайықты марапаттарымен құттықтай отырып, зор денсаулық, бақыт, кәсіби жетістіктер тілейміз!


Қостанай қаласының білім
бөлімінің баспасөз қызметі

Реклама

Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что  «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!