Латын әліпбиі – тіл тазалығының кепілі

Выпуск - №44(440)   :   10.11.2020
240

Рудный қаласында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін оқыту курсы жүзеге асырылды. Осы сабақтарды Рудный қаласындағы Қалалық тілдерді оқыту орталығы басшының орынбасары, тіл маманы Жанат Досубаева ұйымдастырды.

Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссиясы жанындағы Орфографиялық ұйымының тобы отырысының шешіміне сәйкес 2020 жылғы 28-29 қазанындағы қазақ тілінің латын графикасына негізделген әліпбиі бойынша диакритикалық таңбаларды қолданудың тиімді/тиімсіздігі туралы сынама сабақ жүргізу жоспарланған.

Тіл – мемлекеттің табан тірейтін тұғырлы темірқазығы, ұлттың тірегі, халқымыздың рухани байлығы, өткені мен болашағы. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақтың тілі – қазақтың жаны. Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде», – дейді. Бәрімізге белгілі еліміз бүгінде кезең-кезеңмен латын әліпбиіне көшу жолында. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі – рухани жаңғырудың ең шешуші кезеңдердің бірі. Бұл қоғамдық ой мен санаға түпкілікті өзеріс жасайтын қадам.



Әлемдегі ақпараттардың 90 пайызы латын графикасында жарық көреді. Латын әліпбиіне көшу біздің елдің халықаралық дәрежеге шығуына бірден-бір мүмкіндік. Бұл әліпбидің болашағы зор, мақсаты айқын. Қазір қолға алып жатқан дүниенің бәрі біз үшін емес, кемел келешек жолында жасалып жатқан ауқымды іс. Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Бұл латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде қолданыстағы артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ.

Енді латын әліпбиіне көшудегі ұтатын тұстарымыз:
– Тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз.
– Қазақ тілін оқыған уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді.
– Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кіруіне тиімді жолдар ашылады.
– Түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біз олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтеміз.
Осыған орай, латын негізді жаңа қазақ әліпбиі қабылданып, жаңа әліпбиге негізделген жаңа емле де жасалды. Жаңа қазақ әліпбиінің ең басты жетістігі – әріп санының ықшамдалуы. Сондай-ақ жаңа емледегі басты ерекшелік – шеттілдік сөздердің қазақ тіліне икемделіп жазылуы. Жаңа әліпбидің өзі шеттілдік сөздерді «сындырып» жазуға негіз болып отыр. Мысалы: Кровать – керует, бутылка – бөтелке, бочка – бөшке, ботинка – бәтеңке, слесарь – слесір, пальто – пәлте, номер – нөмір, ярмарка – жәрменке, хомут – қамыт, сумка – сөмке, т. б.



Латын әліпбиіне көшу арқылы ұлтымыздың рухани жаңғыруы, яғни, төл тілімізідің тазалығы аңғарылады. Сондай-ақ жаңа емледегі ең басты ерекшелігі лингвистикалық заңдылығы, ұлттық жазудың жаңа үлгілерін қайта жаңғыртуы – қазақ тілінің төл заңдылығына бағытталған жазу тарихындағы рухани жетістігіміз. Осы игі істі ел ішінде насихаттап, лайықты, жүзеге асыру – баршамыздың парызымыз.


Гүлзада БИСЕНАЛИЕВА,
№13 ОМ қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Рудный қаласы

 

Реклама

Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».

Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.

Пн
Вт
Ср
Чт
Пт
Сб
Вс
31
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
1
2
3
4