Латын әліпбиінің үш нұсқасы ұсынылды

Выпуск - №8 (404)   :   17.02.2020
627

Латын әліпбиі бекітіліп, қыруар жұмыстар атқарылған соң Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиін қайта жетілдіруді тапсырған-тын. Күні кеше әліпбидің жетілдірілген үш нұсқасы ұсынылып, республикалық ашық талқылау өтті.

Еліміздің барлық аймақтарында қолға алынған шара Қостанай қаласында да ұйымдастырылды. Ашық талқылауда бейне байланыс арқылы облысымыздың 20 тілдерді дамыту орталығы (1 облыстық, 3 қалалық және 16 аудандық), атап өтер болсақ барлығы – 410 адам қамтылды. Қостанай облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Мендекинова, аталмыш басқарманың мамандары, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен тіл жанашырларының қатысуымен өткен шара қоғамды латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің үш нұсқасымен таныстырып, оны талқыға салуды көздеді.

Әліпбидің үш нұсқасын (суретте) Нұр-Сұлтан қаласындағы Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұсынып отыр. Ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық, әдістемелік, ақпараттық және техникалық сүйемелдеу жұмыс тобының мамандары атқарған жұмыс нәтижесінде құрылған үш нұсқаның біреуі – қазіргі акутты нұсқаның жетілдірілген түрі (А нұсқасы), екіншісі – умлаутты әліпби (Ә нұсқасы) және үшіншісі – аралас әліпби (мұнда кейбір кирилл әріптері сақталған).

Ашық талқылау барысында қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, барлығы бірауыздан әліпбидің соңғы нұсқасына қарсылық білдірді. Ал алғашқысы мен екінші нұсқаға келгенде жұртшылық пікірі екіге жарылды. Талқыланып отырған мәселенің маңызын терең түсінген олар, бұл жиынды тарихи маңызы зор оқиға ретінде бағалады.

– Үлкен оқиғаның куәгері ғана емес, соның қайнаған ортасында жұмыс істеп жатқан азаматтар – сіздерсіздер. Мінекей, Тәуелсіз Қазақстанның тағы бір тамаша көрінісі – әліпбиден де өзімізді тәуелсіз ету жолында жасалып жатқан тілімізді латын графикасына көшіру мәселесі көптен бері талқыланып келеді. Оны жетілдіру бағытында ғалымдар жұмыс атқарып, үш нұсқаны ұсынып отыр. Бұл – бүгінгі ұрпақ пен әсіресе келер ұрпаққа жасалып жатқан игі істің бірі, – деп атап өтті қоғам қайраткері Қалқаман Жақып.

«Осы уақытқа дейін бекітілген әліпби бойынша республика көлемінде қаншама түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік құралдар шығарылып – қыруар жұмыс атқарылды. Соның бәрі де зая кетті. Ендігі бекітілетін әліпбидің жайы не болмақ?» – деген сауалымызға «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Айнұр Нұрбекова бізбен әңгімесінде:

– Ең бастысы, бұның бәрі де тіліміз үшін жасалып жатқан жұмыстар екенін ұмытпауымыз керек. Жаңа әліпби толықтай бекітілмес бұрын осындай кезеңдерден өтуіміз заңды. Ал жасалып жатқан жұмыстар зая кетпес үшін осындай талқылау, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырамыз. Нәтижесі қолданыс аясында белгілі болады. Алғашқы екі нұсқаның да өз артықшылығы мен кемшіліктері бар. Болашақта олқылықтар шықпас үшін қазірден бастап оның алдын алуымыз қажет, – деп жауап қайырды.

Ендігі кезекте елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында ақпан айының 21-і және 28-і күні тағы екі талқылау өтеді деп жоспарлануда. Әлбетте, тіл тағдыры кез келген ұлтжанды азаматты бей-жай қалдырмасы анық. Қазақ тіліне негізделген латын графикасының жаңа нұсқалары бойынша туындаған ұсыныс-пікірлеріңіз болса, Нұр-Сұлтан қаласындағы Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Орфография бөлімінің басшысы Гүлфар Мамырбекке 8-775-028-06-73 байланыс нөмірі арқылы тікелей хабарласу мүмкіндігіңіз бар. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, қазақ тілінің болашағына ел болып үлес қосайық.

Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

2 дня назад в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

2 дня назад в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

2 дня назад в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

2 дня назад в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.