Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
25/10/26 Воскресенье

Мамандықтар марафоны – болашаққа жол

Выпуск - №000(000)   :   26.02.2025
1658

1

2025 жылды ел Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялағаны белгілі. Осы маңызды бастаманы қолдау мақсатында, мектебімізде 1-10 сыныптар арасында «Мамандықтар күні» іс-шарасы өткізілді.

Бұл іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың кәсіби бағдарын қалыптастыру, жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы маңызын түсіндіру және балаларды болашақ мамандықтарына саналы түрде көзқарас қалыптастыруға бағыттау болды. Іс-шарада әр сынып үшін қызықты әрі шығармашылық байқаулар мен сайыстар ұйымдастырылды. Олар оқушылардың мамандықтарға деген қызығушылығын оятып, болашақта қандай кәсіпті таңдауды армандайтынын анықтауға көмектесті.
Мәселен, 1–4-сыныптар арасында «Фотокөрме» өткізілді. Аталмыш байқауда бастауыш сынып оқушылары отбасындағы мамандық иелерімен фотосуреттерін ұсынды. Бұл байқау олардың мамандықтарды саналы түрде таңдауына әсер етті. 5–6-сыныптар арасында «Видео байқау» ұйымдастырылды. Онда оқушылар әртүрлі мамандықтар туралы бейнемазмұн жасап, оларды көрермендерге ұсынды. Осы байқау арқылы оқушылар өздерінің танып-білген мамандықтарын қысқаша бейнемазмұн түрінде көрсетті, сонымен қатар әртүрлі мамандықтар иесінен сұхбаттар алып, ерекше белсендік танытты. Оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен әр мамандықты тереңірек түсіне бастағаны байқалды.
Мектебіміздің 7–8-сынып оқушылары арасында «Ең үздік мамандық киімі» байқауы өткізілді. Бұл сайыс оқушылардың түрлі мамандықтарға арналған киімдерді көрсетуін көздеді. Алдын ала жеребе бойынша мамандықтар таңдалып, соған байланысты өздеріне түскен мамандыққа сәйкес оқушылар сынып бойынша киім үлгілерін киіп келді. Оқушылар мамандықтарға қатысты нақты көзқарасын қалыптастырып, олардың маңызды рөлін атап өтті. Ал, 9–10-сыныптар арасында «Мамандықтар марафоны» өткізілді. Бұл сайыс үш кезеңнен тұрды. 1-кезеңде әр сынып өздеріне түскен мамандықтарды таныстыруы керек болса, 2-кезеңде ситуациялық сұрақтарға жауап берді, ал 3-кезеңде мамандықтарды тауып, өздері таңдаған мамандықтардың ерекшеліктері мен қоғамға қосар үлесін түсіндірді. Аталмыш марафонның басты мақсаты – оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыру, мамандықтар туралы тереңірек мәлімет беру және болашақта өз жолын табуға дайын болуына ықпал ету.
Ұстаздар арасында да «Ең үздік мамандық киім үлгісі» байқауы өткізілді. Байқау барысында ұстаздар өздерінің мамандықтарына сәйкес киім үлгілерін көрсетіп, шығармашылық танытты. Мектебіміздің кәсіподағы байқау демеушісі болып, ұстаздарға бағалы сыйлықтар табыстады. Барлық іс-шаралар QC Holding компаниясының қолдауымен жүзеге асырылды. Компанияның демеушілігі іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне және қатысушыларға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді. Қорытындылай келе, «Мамандықтар күні» іс-шарасы оқушыларға мамандықтар әлемін тереңірек танып, болашаққа жауапкершілікпен қарауға және қоғамдағы әр мамандықтың рөлін түсінуге жол ашты. Сондай-ақ, оқушылардың мамандық таңдауға деген қызығушылығын арттырып, болашаққа сенімді қадам жасауына ықпал етті.

Гульфира ЖАЛДЫБАЕВА,
Б.Майлин атындағы
№7 мектеп-гимназиясы
директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Рудный қаласы

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар

2 дня назад в 13:48

Мәдениет

Путь, заданный великим учителем

3 дня назад в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

3 дня назад в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

3 дня назад в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

3 дня назад в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.