«Медициналық маска тағуға үндейміз!»

Выпуск - №50 (446)   :   22.12.2020
552

Дейді Арқалық қаласындаға Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің ерікті жастары. Олар «бетперде тағыңыз» деген жазуы бар стикерлерді Арқалық қаласындағы автокөліктердің артқы әйнектеріне желімдеді.

Акция ұйымдастырушылары осылайша жүргізушілер мен жолаушыларға ой тастауды көздейді. Акция барысында НКО (Нағыз көшбасшылар одағы) еріктілері стикерлерді қоғамдық және такси көліктеріне жабыстырды. Біздің ең бірінші мақсат – қала тұрғындарына пайдалы ақпаратты беру және азаматтардың назарын қарапайым талаптарға аударту. Сол талаптарды орындау оларды қауіпті вирусты жұқтырудан сақтайды.



«Коронавирус инфекциясынан қорғанудың ең қарапайым жолы – бетперде», – дейді еріктілер. Бетперде тағуды насихаттау үшін еріктілер командасы Арқалық қаласындағы орталық базар маңына да барды. Тұрғындарға жабыстырма қағаздармен қатар маска таратылды. Ауқымды жобаны көлік жүргізушілері де қолдап отыр. Алдағы уақытта игі шара басқа мекемелер тарапынан да қолдау табады деген ойдамыз.



Бетперде тағып, карантин талаптарын сақтай отырып, алдымен біз өзіміз жайлы ғана емес, ең жақын жандарымыз, балаларымыз бен ата-аналарымыздың да қамын ойлаймыз. Осыны ұмытпасақ игі. Өзіңіз бен отбасыңызды қорғаңыз, вирусты тоқтатуға көмектесіңіз! Бұл қазір әрқайсымыз үшін маңызды. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
жастар ісі жөніндегі
комитет төрағасы,
Арқалық қаласы

 

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.