Қостанай облысында биыл алғаш рет «Мейірім» акциясы қолға алынды. Шарапаты мол шараның шымылдығы Рудный қаласындағы Арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері дайындаған концертпен ашылды.
Қостанай қаласындағы «IQostanay» оқушылар сарайының акт залында ұйымдастырылған концерт басталмас бұрын әр көрерменге «Мейірім» акциясы бойынша және ата-анасыз қалған балаға үй мен отбасын сыйлағысы келетіндерге бес қадам жайында буклеттер таратылды. Ал, салтанатты шараның өзінде жиналғандар Орталық тәрбиеленушілерінің шығармашылық өнерінің куәгері болды. Жас өнерпаздардың арасында талантты әншілер, актёрлер мен бишілер бар. Лық толы конерт залына жиналғандар әр нөмірді ерекше қошеметпен қарсы алып, балалардың өнеріне ризашылықтарын білдірді.
Іс-шара басында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиге сөз беріліп, ол «Мейірім» акциясының мәні мен маңызына, көздеген мақсатына тоқталып өтті.
– «Мейірім» акциясы Шығыс Қазақстан облысында сәтті басталған болатын. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев акцияның маңыздылығын бағалап, осы тәжірибені еліміздің барлық өңірлерінде таратуды тапсырды. Акцияның негізгі мақсаты – ірі өндірушілер, кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары арасынан тәлімгерлерді бекіту, оларды одан әрі сүйемелдеу, кәсіптік бағдар беру және мамандық таңдауда көмек көрсету болып табылады. Біздің өңірде бұл акция Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балаларды махаббатпен қорғайық» ұранымен өтіп жатқан «Алтын балалық шақ» онкүндігі аясында бастау алуы кездейсоқ емес, – дей келе, Ринат Зәкиұлы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсетуге шақырды.
Бүгінгі күні бірнеше мемлекеттік органдар, оның ішінде Қостанай облысының әкімдігі, білім, спорт, мәдениет, денсаулық сақтау басқармалары, сонымен қатар «Шанс» баскетбол мектебі, «Нұрбанк» АҚ Рудный қаласындағы Арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәлімгерлерінің санатында. Акция барысында ұйымдар мен кәсіпорындар жетім балаларды ресми қамқоршылыққа алып, ересек өмірде алғашқы қадамдарды жасауға, болашақта депозиттік шоттар арқылы материалдық қолдауды қамтамасыз етуге және мамандық таңдауда шешім қабылдауға көмектеседі деп жоспарлануда. Орталық директоры Павел Коваль мұндай бастаманы көптеген қостанайлықтар қолдайтынына сенімді.
– Он жыл көлемінде «Мектепке жол» акциясы аясында облысымыздың түкпір-түкпірлерін араладық. Ал, «Мейірім» акиясы биыл алғаш рет ұйымдастырылуда. Және оның шымылдығын ашу құрметі біздің орталығымыздың балалары мен қызметкерлеріне беріліп отырғаны біз үшін мәртебе. Шарапаты мол «Мейірім» акциясы балалардың болашағына қолдау көрсететін тәлімгер табуды көздейді. Бұл – өте маңызды. Неге десеңіз, Балалар үйінің қабырғасында олар белгілі бір қорғау мен қамқорлықта болады, олар үшін қиын кезең Балалар үйінен кеткен соң басталады. Тәлімгерлердің маңызы да осында: балаларға әрмен қарай бағыт-бағдар беріп, өмірлік қолдау көрсету. Бүгінгі игілікті бастама нәтижесін беріп жатса – көптеген балалардың тағдырын, өмір сүру сапасын сақтап қалар едік, – дейді Рудный қаласындағы Арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының директоры Павел Николаевич.
Қостанай облысында 1,5 мыңнан астам жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады. Оның мыңнан астамы қорғаншылық пен қамқоршылықта, екі жүзге жуығы қазақстандық азаматтардың отбасыларында патронаттық тәрбиеде, 15-і – баланы асырап алған отбасында, 300-і – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиеленуде.
Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».
Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.