Әулиекөл ауданына қарасты №28 Құсмұрын орта мектебінде жыл сайын жаны жомарт, жүрегі жайсаң жандардың қолдауымен республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында бірқатар отбасылардың балаларын мектепке дайындауға көмек көрсетіледі.
Олардың қатарында акция аясында аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға көмек көрсетуді көздейді. Үсіміздегі жылы аталмыш акция дәстүрлі түрде тамыздың 1-і мен қыркүйектің 1-і аралығында ұйымдастырылды.
Аталмыш акцияның мақсаттары мен міндеттері туралы халықты ақпараттандыру мақсатымен Құсмұрын кентінің азаматтарына арнайы ақпарат бұрыштары құрылып, шаруашылық қожалықтары мен ұйымдарды акцияға үлес қосуға шақырдық. Одан бөлек жеке кәсіпкерлер мен ауылымыздың белсенді азаматтарына үндеу хаттар жіберілді. Ең алдымен, мектебіміздің ұстаздары мен қамқоршылық кеңес мүшелері тобынан құралған комиссия тобы, сондай-ақ барлық сынып жетекшілері аз қамтылған отбасы балаларының мектепке дайындық деңгейін анықтады. Жұмыла жасалған іс нәтижесінде ауылымыздың біртуар азаматтары республикалық қайырымдылық акциясына белсене қатысып, 35 оқушыға көмек қолын созды. Жүректері мейірімге толы жандардың демеушілігінің арқасында білім алушыларға мектеп формасы мен оқу құралдары табысталды.
Жаны жомарт ауыл азаматтары арасынан В.Мухаматнуров, Г.Альденова, Г.Слепцов, Ж.Шурина, С.Туткина, М.Қалиева, М.Гучигов сынды жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ ШЧ-27, ПЧ-21 және №28 Құсмұрын орта мектебінің ұжымы бой көрсетіп, кең пейілділігін көрсетті.

Кез келген халықтың ең ұлы қасиеттерінің бірі – жомарттық. Ол адамның қызмет жасап, пейілі жақсылық жасауға құмар жанға ғана тән сипат. Қиын жағдайда қол ұшын созып, қайырымдылық жасаған азаматтарымызға алғысымыз шексіз! Сіздерге қарап, жас ұрпақ бой түзейді. Яғни өскелең ұрпақты адами-рухани іс-әрекет жасау жолында үлгі көрсеттіңіздер. Сіздерге және отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеміз.
Әсемгүл АБУТАЛИПОВА,
№28 Құсмұрын ОМ
директордың ТЖ орынбасары,
Гүлдәрия ХҰСАИНОВА,
әлеуметтік педагог,
Әулиекөл ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.