Мемлекеттің тұғырлы тірегі

Выпуск - №34-35 (531-532)   :   10.09.2022
474

Халықтың рухани байлығы саналатын тіл – халықтың өткені мен болашағының айқын көрінісі. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» демекші, ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына-байлығына балайды.

Себебі тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі. Қазақ тіл білімінің ғылым-білім ретінде қалыптасып, дамуы А.Байтұрсынұлының есімімен тығыз байланысты.

Осы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 6697 әскери бөлімінің қатысуымен «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты іс-шара ұйымдастырылды. Тағылымды шара барысында мемлекеттік әнұран шырқалып, қазақ тілінің тарихын баяндайтын беунематериал көрсетіліп, тілге арналған өлең-жырлар оқылды.

Мерекенің құрметіне №20 мектептің оқушысы Ердәулет Аралбаев ән-күймен іс-шараның шырайын келтірді. Артынша «Кім жылдам» сұрақ-жауап сайысы ойнатылды. Одан бөлек «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты кітап көрмесі ұсынылып, оқырмандар тұшымды пікірлерін білдіріп, ойымен бөлісті.


Қанипа ТАСБУЛАТОВА,
Шынар МАКАНОВА,
«Қостанай қаласы әкімдігінің
мәдениет, тілдерді дамыту,
дене шынықтыру және спорт
бөлімінің орталықтандырылған
кітапхана жүйесі» ММ
Н.Островский атындағы
ОҚК кітапханашысы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.