Рудный қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы ЖББ мектебінің жанындағы жазғы «Балдәурен» лагерінің оқушыларымен Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мектепішілік іс-шара ұйымдастырылды.
«Мемлекеттік рәміздер – мақтанышым!» атты ашық ұйымдастырылған іс-шараға Қашар кентінің әкімі Райымбек Мадина Қажмұханқызы келді. Оқушыларды Мемлекеттік рәміздермен таныстыру, олардың қайда және қандай мақсатта қолданылатынын түсндіру, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту көзделген шара Мемлекеттік рәміздердің бірі саналатын әнұранды орындаумен басталды. Балалар әнұранды оң қолын жүрек тұсына қойып, Отанға деген шынайы сүйіспеншілікпен орындады.
Тағылымды жиында Қашар кентінің әкімі Мадина Қажмұханқызы сөз сөйлеп, баршамызды айтулы датамен құттықтады. Мектебіміздің директоры Ембергенова Жанар Кожақұлқызы мен мектеп ұжымы да іс-шараға белсенділікпен қатысты. Патриоттық сезімді арттыруға бағытталған мерекелік шарада «Отан» сөзіне түсінік берілді. «Отан» дегеніміз – адамның туып-өскен жері, атамекені болса, біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екені балаларға айтылды.
Тәуелсіз елдің ұрпағы Мемлекеттік рәміздерді бала жасынан біліп, құрметпен қарауы қажет. Өскелең ұрпағымызды Отанын, Мемлекеттік рәміздерін сүюге, өз елінің патриот азаматы болуға тәрбиелеу мақсатындағы іс-шарада балалар рәміздер туралы тақпақ, мақал-мәтел, Отан туралы ән орындады. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті балалардың көңілінен шығып, олар өскенде өз Отанының дамуына үлес қосып, рәміздерге құрметпен қарайтындарын мақтанышпен айтты.
Ұлбосын СӘБДЕНБЕКОВА,
Ә.Бөкейхан атындағы
ЖББМ бастауыш
сынып мұғалімі,
Рудный қаласы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.