Мемлекеттік тіл мәртебесі ұлықталды

Выпуск - №22(519)   :   06.06.2022
682

Арқалық қалалық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясындағы іс-шаралар шеңберінде «Мемлекеттік тілді үйрету: тәжірибе, әдіс, инновация» өңірлік семинары ұйымдастырылды.

Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл болса да, мемлекеттік тіл мәртебесіне қатысты мәселе күн тәртібінен түсіп көрген емес. Оған біреу билікті, екіншілер заңның әлсіздігін кінәлайды. Дегенмен тіл саласында жүрген соң бұл мәселе біздерге үлкен сын. Семинар тақырыбының осылай алуы да кездейсоқ емес екенін жоғарыда айтып өттім. Тіл мамандарының мемлекеттік тілді үйретудегі жаңаша әдіс-тәсілдермен өзара тәжірибе алмасу, әдістемелік қолдау көрсету мақсатындағы өңірлік семинар Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің мәжіліс залында өтті.

Шара спикерлері: «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ Арқалық қалалық филиалының төрағасы Айбек Қалиев, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының доценті, аға оқытушы, магистр Ардақ Абдуллина, Жангелдин аудандық тілдерді оқыту орталығының қазақ тілі курсының оқытушысы Алма Жұмағазы, Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ оқытушысы Жұлдыз Иса және Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ерсін Коңыршина.

Семинарды Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Түбекбай Әубәкіров қатысушыларды құттықтау сөзімен ашып берді. Өңірлік семитнар аралас форматта өткізілді. Шараға офлайн форматта 50 адам, ZOOM платформасы арқылы 80, барлығы – 130 адам қатысты. Өңірлік семинар бағдарламасы ІІІ кезең бойынша өткізілді. Кіріспе кезеңінде құттықтаулар және «Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруде Халықаралық «Қақақ тілі» қоғамының мүмкіндіктері мен тиімділігі» тақырыбында жарыс сөз өткізілді. ІІ кезең «Адамзаттың сөйлеу тілі – лингвистиканың зерттеу нысаны» тақырыбындағы баяндаманы қамтыса, ІІІ кезең тәжірибе алмасуға негізделді.

Онда «Ұлтына ғұмырын арнаған ұлы тұлға» бейнешолу сабағы, «Практикалық жаттығулардағы тапсырмаларға әдістемелік түсініктеме» панорамалық сабақ, «Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуда цифрлық ресурстардың тиімділігі» шеберлік сыныптары өткізілді. Қорытынды кезеңде семинар жұмысына кері байланыс жасалып, шараға офлайн қатысқан 40 тыңдаушыға орталықтың сертификаттары табысталып, спикерлерге Алғыс хаттар берілді. Сондай-ақ барлық офлайн қатысушыларға (блокнот, қалам, жұмыс дәптері, бағдарлама салынған) үлестірме қағаздары таратылды.


Шараға бағдарламасында қамтылған баяндамалар мен тәжірибелік жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері мен жаңалықтары болғанын да айта кеткен жөн. Семинар аясында мемлекеттік тіл мәртебесі тақырыбы қозғалып, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жұмысы түсіндірілді. Шараға қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, қазақ тілін оқытудағы жаңалықтармен бөлісіп қана қоймай, әдістемелік қолдау алып, семинардан алған әсерлерімен бөлісті. Семинар барлық қатысушылардың алдағы бастамаларына жаңа серпін береді деп сенеміз.


Гүлхашима ОРАЗОВА,
Арқалық қаласы әкімдігінің
қалалық тілдерді оқыту
орталығы директорының
індетін атқарушы

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

2 дня назад в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

2 дня назад в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

2 дня назад в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

2 дня назад в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.