Мемлекеттік тіл – ұлт тағдыры

Выпуск - №000(000)   :   08.09.2023
502

Қазақстанның әрбір азаматы мемлекеттік тілді білуге міндетті. Бұл – өзгермейтін аксиома. Ұрпағының болашағын ойлаған ата-ана баласын қазақша мектепке беруі керек.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балабақшаларда, мектептерде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді назарда ұстау қажет екенін айтқан-тын. Мәселен, Қостанай облысында 454 мектептің 112-сі ғана қазақ тілінде білім береді. 115 аралас мектепте қазақ сыныптары әлдеқайда аз. Біздің қаракөз балалар орыс мектептерінің 60 пайызын құрайды. Биылғы оқу жылында алғаш рет мектепке 10 мың 384 бала барады. Осы бүлдіршіндердің 70 пайыздан астамы орыс сыныптарына қабылданған, қазақ мектебіне баратындардың үлесі – 29,1 пайыз.

Бабаларымыз: «Тілімнің болашағы – ұрпағымның болашағы», – деп басын бәйгеге тіккен. Көптеген ойшылдар: «Ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең – күйініш. Ана тілін біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең – сүйініш. Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беру үлкен қателік», – дегенді айтады. Иә, біздің парызымыз – жас ұрпақтың санасына тілді қадірлеуді сіңіру, жүрегіне тілге деген құрметті, сүйіспеншілікті, жанашырлықты ұялату.

«Ана тілі» газетінде (20.07.2023) жарияланған Әбіш Әділбектің «Нанымыз тәтті, тіліміз ше?» мақаласындағы тіл мәселесіне қатысты тіл жанашырларының төрт ұсынысын толық қолдаймын. Айталық, ҚР Конституциясының 7-бабының 2-тармағындағы «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деген мәтінді алып тастау. «Мемлекеттік тіл туралы» Заң қабылдау. Мемлекеттік тілдің жеке дара статусын анықтау. Мемлекеттік тілді білуді заңмен міндеттеу.

Президентіміз: «Мемлекеттің мәселесін мемлекеттік тілде айтуымыз керек. Тіліміз бізден басқа ешкімге керек емес. Сондықтан, ең алдымен, оған өзіміз құрмет көрсетуіміз керек», – деп қадап айтқан болатын. Осы тұста «Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі – көш басын алып жүре алмайды», – деген Алаш арысы Әлихан Бөкейхановтың сөзі ойға оралады. Ал билік органдарында отырған басшылар мемлекеттік тілді меңгерген бе, қазақша сөйлей ала ма?

Мысалы, туыстас Түркияда түрік тілінде, Өзбекстанда өзбек тілінде сөйлемесең, сені құрметтей қоймайды. Балтық жағалауы елдеріндегі орыс тілділер эстон, латын тілдерінде еркін сөйлейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, мәселе – ниетте. Шындығында біздің жастарымыз шет тілін бір, бір жарым айдың көлемінде еркін меңгеріп кетеді. Сондай ұмтылыс, тілек пен ниет қазақ тілін үйрену кезеңінде де болуы керек. Ендеше, тілдің иесі – алдымен өзіміз қазақша сөйлеуге ұмтылайық.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің мәлімдеуінше, қазақ тілі туралы доктрина әзірленіп жатыр. Жақында Қырғыз Президенті мемлекеттік қызметкерлерді мемлекеттік тілді білуге міндеттейтін қаулыға қол қойды. Парламент, мәслихат депутаттары, тіл жанашырлары қолдау білдіріп, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге бағытталған осындай шешім қабылдайды деген үміттемін.

Қыркүйектің 5-і ұлт ұстазы, Алаштың рухани көсемі, жерлесіміз Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және Қазақстан халқы тілдері күні. Сондай-ақ осы айда халық батыры Амангелді Имановтың 150, ал Амангелді ауданының 95 жылдығы. Айтулы мерекелік шараларға байланысты Рудный қалалық ардагерлер кеңесінің бастамасын, Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы, оның «Қоғамдық келісім» мекемесі қолдап, демеуші болып, қыркүйектің 8-10 күндері Амангелді, Жангелді аудандарының және Ахмет Байтұрсынұлы ауылының халқымен кездесулер жоспарланып отыр. Делегация құрамында облыстық, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, белгілі айтыскер ақындар, ғалым, ардагер-қоғам белсенділері бар. Кездесулер елдің ертеңі, мемлекеттің келешегі, Ахаңның ізбасарлары үшін маңызды болмақ.

Жақсылық КӘКЕНҰЛЫ,
облыстық және қалалық
ардагерлер кеңесінің мүшесі,
тіл жанашыры,
Рудный қаласы

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

2 дня назад в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

2 дня назад в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

2 дня назад в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

2 дня назад в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.