Осындай тақырыпта Рудный қаласындағы Мемлекеттік тілдегі кітапханада Республика күніне арналған патриоттық өлеңдер сайысы өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен басталды.

Мерекенің құрметті қонақтары ретінде орталық кітапхана әдіскері Светлана Городничая, «Жадыра» Халық вокальдық ансамблінің мүшелері Шамшия Қайыркенова мен Бағдина Бірмағамбетова апайлар, өнер иесі, аяулы ана Әйгерім Алиакпар, сонымен қатар сайысқа қатысушылардың жанкүйерлері Д.Карбышев атындағы №14 ЖББ мектептің, М.Дулатов атындағы №15 ЖББ мектептің және А.Байтұрсынов атындағы №19 ЖББ мектептің оқушылары қатысты.
Ең алдымен, кітапханашы Республика күні мерекесінің тарихына қатысты қысқаша мәлімет беріп өтті. Артынша іс-шараның негізгі бөлімі бастау алды. Жалпы, мемеркелік жиын 3 кезең бойынша өтті. Бірінші кезеңде патриоттық әндер шырқалса, екінші «Кім жүйрік» кезеңінде қатысушылар викториналық сұрақтарға жауап берді, ал үшінші кезең еркін тақырыпқа арналды. Ал тартысты сайысқа қазақ тілі мен әдебиетінің маманы, зейнеткер, жергілікті ақын, «Кездесу клубының мүшесі Сүндет Молдашев, Қалалық тілдерді оқыту орталығының маманы Салтанат Досболова және Мемлекеттік тілдегі кітапхана меңгерушісі Гүлбараш Уалиева әділ қазылық етті.
Сайыс нәтижесінде №15 мектеп оқушысы Армангүл Қабжан I орынды, №15 мектеп оқушысы Аружан Ахметбекова II орынды иеленсе, №14 мектеп оқушысы Камиля Сатыбалдиева III орынды қанжығасына байлады. Ал, «Кітап – жан азығы», «Алғыр оқушы» және «Өлең сөздің білгірі» номинацияларына Алихан Әділханов, Естай Жүзтаев және Ақнұр Абуталипова ие болды. Сайыс өз мәресіне жетіп, тартымды да қызықты өтті. Жергілікті ақын Сүндет Убайұлына және кітапхана әдіскері Светлана Вячеславовнаға құттықтау сөз беріліп, қонақтарымыз Шамшия Қайыркенова, Бағдина Бірмағамбетова, Әйгерім Алиакпар және «Алтын домбыра» ансамблі қатысушылары Нұрбек Келичев, Ризат Ергешбаев көңілді әндерімен мерекені ажарландыра түсті.
Тағылымды іс-шара соңында «Менің Отаным – Қазақстан» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, жиналғандарға таныстырылды. Дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол – Қазақстан Республикасы. Өскелең ұрпақтың адамгершілік-патриоттық, азаматтық жауапкершілік сезімдерін ояту, жас ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, балаларды жалпыазаматтық құндылықтарға және мәдениетке тарту – біздің абыройлы мақсатымыз.
Жанагүл УРГАНЧБАЕВА,
Мемлекеттік тілдегі
кітапхананың абонемент
бөлімі кітапханашысы,
Рудный қаласы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.