Қостанай қаласындағы №11 жалпы білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ұлттың ұлы ұстазы» деген тақырыппен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті.

Биыл ұлт ұстазы, қазақтың рухани көсемі әрі көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеушісі, тюрколог, дарынды ақын, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл. Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлы – еңбегі жанған жанның бірі. Жасаған еңбегінің жемісі – соңынан келе жатқан жастар. Жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, Ахмет Байтұрсынұлының ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері ретінде жасаған еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа сенген үміт-арманы – баршасы ұлы миссияны орындауға арналды.
Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы мен атқарған қызметін зерттеп, өмірбаянын, ғылыми еңбектерін насихаттап жүрген аға буын, орта буын өкілдерінің басын қосқан дөңгелек үстел барысында Ахаңның қазақ тарихында алатын орны жайлы айтылды. Бұл шараға ақын, жазушы қазақ радиосында, республикалық «Жалын» баспасында бөлім меңгерушісі, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Серікбай Оспанұлы; А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғ.к. Күлзада Мырзағалиева қатысты.
Ал арнайы шақырылған қонақтар қатарында Қостанай қаласы білім бөлімінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бөлімінің әдіскері Ермек Иманкулов, сонымен қатар қалалық білім бөлімінің әдіскері Жанар Жумагулова болды. Іс-шара барысында:
«Кезде сол ғасыр беті жаңа ашылған,
Бұл қазақ кемдік көрген жанашырдан.
«Алашым, ұйқыңды аш» деп ұран салды
Бір арыс ел бағы үшін жаратылған», – дегендей, киелі Торғай жеріндегі А.Байтұрсынұлы мен Мыржақып Дулатұлының әдеби мұражайына саяхат ретінде түсірілген арнайы видео тамашалап, одан әрі оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, яғни Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдерін оқып, күй тартылып, көрініс көрсетіліп, нақыл сөздері оқылды, келген арнайы қонақтарға оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, кездесу одан әрі жалғасты.
Кездесуде сөз алған мектебіміздің директоры Айбек Базаралыұлы А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралармен оқушыларды толық таныстырып, алдағы уақытта осы жоспар бойынша атқарылатын жұмыстарды жоғары деңгейде өткізу жөнінде бағыт-бағдар беріп, 9 «Ә» сынып оқушысы Балайым Қаупыш «Туған жер» әнімен қорытындылады.
Арайлым
УТЕПБЕРГЕНОВА,
№11 ЖББМ директордың
ҒӘЖ жөніндегі орынбасары,
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.