Осындай тақырыпта Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесу өтті.

Ағартушы ұстаз Ыбырай Алтынсарин қоғам өміріне белсенді араласып, халқының өркениетке жетуі үшін бар күш-жігерін аямады. Ол кісіні қазақ елі халық ағарту саласында ғана емес, барлық салаға зор үлес қосқан асыл да ардақты азамат ретінде таниды. Ол – тұңғыш медицинаны, қазақ-орыс тілінде іс жүргізуді, сот жүйесін, кітапхана ісін орнықтырып, экономика мен кәсіби білім беру саласын бастаушы және ислам дінін тұңғыш қазақ тілінде насихаттап, оған арнайы кітап жазды. Соның дәлелді айғақтарының бірі «Мұсылманшылықтың тұтқасы кітабы».
«Мұсылманшылықтың тұтқасы» кітабы 4 бабтан тұрады. Бірінші «Иман турасында» бабында Исламның басты шарты иман турасында, Алланың бірлігі, Мұхаммед пайғамбардың хақ әрі соңғы пайғамбар екендігі және иманның 6 шарты айтылады. Екінші «Ағмал заһир» деп аталатын бабта мұсылманға парыз етілген намаз, ораза, зекет, қажылық сынды амалдарға қысқаша әрі нақты түсіндірме береді. Үшінші баб «Ахлақ, яғни адамдарға тиісті-тиіссіз мінездер турасында» деп аталады. Бұл бөлімде балаларға қандай мінезді бойға сіңіріп, қандай мінезден аулық болу керектігі баяндалады. Соңғы төртінші бабта намаз ішінде оқылатын дұғалардың қазақша мағынасы берілген. Ал ағартушының хаттарындағы дін мәселесі қоғаммен, өмірмен тығыз байланысты. Оған төмендегі хаттар мазмұны дәлел.

Ы.Алтынсарыұлы 20 жастан асар-аспас шағында өзінің алғашқы хаттарының бірінде нақтылап айтсақ, 1862 жылдың 26 қаңтарындағы Орынбор бекінісінен Н.И. Ильминскийге жазған хатында: «...Құдай маған көмек етсе және дәрменім жетсе, мен азды-көпті қазақ халқына ғана пайдалы бола аламын...»(1, 193) деп өмірлік кредасын осылай бастайды. Мынадай ойды айту үшін осы жасқа келгенде іштей дайын болуы керек, ал Ы.Алтынсарыұлы оған әбден пісіп жетілген дайын еді. Осы хатында ашық түрде бүкпей, бүркелемей өз ұлтын қадір тұтатындығын былай айтады: «Қазақ халқы қарапайым...бірақ біз қарапайымдылықтың өзінен де көп жақсылық табамыз; қазақ тентек, қазақ қанішер халық деулерімен келіспеймін, қазақ халқы ұғымтал, ақылды, дарынды», – дейді ағартушы. Осы қасиеттерді шыңдау үшін білім керектігін түсінген жас Ыбырай іске кіріседі.
Ы.Алтынсарыұлы өмірінің соңғы күндеріне дейін еңбек бабында да, өз басы да ислам дінінің жолында болғанын барлық 29 жылдағы жазған хаттарында діннен еш уақытта ажырамағаның көріп отырмыз, әсіресе соңғы хаттарының мазмұндары да куә. Тіпті кейбір хаттарында құдайға сыйынып көргендік білдіреді. Ы.Алтынсарин өзінің 1884 жылғы 14 ақпандағы Қостанай қаласынан В.В. Катаринскийге жолдаған хатында: «Қолға алып жүрген ісімізге тым болмаса, тағы да 5 жылдай қызмет істесем бе деп едім, бірақ мұны құдай біледі дағы. Шынында да ұстаздың алладан сұрағаны, тілегені келді, дәл 5жыл 5 айдан соң Ы.Алтынсарин дүниеден озды. Өзі дүниеден озғанымен ағартушылық жолда европалық білім деңгейіне қол созған, қазақ жастарына оқудын шамшырағын қолына ұстатулы, бүгінгі жас ұрпақ осы жолдан таймақ емес.

Ы.Алтынсарин өмірдегі өз мақсатын 1884 жылғы 14 қыркүйектегі Орынбор қаласынан Н.И. Ильминскийге жолдаған хатынан көреміз. Онда... «құдай басыма не салса да, мен күшімнің жеткенінше туған еліме пайдалы адам болайын деген негізгі ойымнан, талабымнан ешуақытта да қайтпаймын... мүмкіндігі болған жерде қазақ халқының елдігін бұзып, болашағын бүлдіріп жатқан жауыздыққа қарсы күрес беру керек» деуі көп нәрсені аңғартады. Елінің есіл ерлері ғана осылай айтып Ы.Алтынсарыұлындай халқына қалтықсыз қызмет етеді.
Шынар ДОСМАҒАМБЕТ,
Қостанай облыстық
Ы.Алтынсариннің мемориалдық
музейінің қызметкері
Сберечь природу в наших силах
Сила единства и результатов: итоги работы профсоюзных организаций Карасуского района
Маленькие исследователи
Праздник профессионализма: выбраны лучшие педагоги-психологи области
Обмен опытом и расширение возможностей
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».