Ақпанның 21-і – Халықаралық ана тілдері күні. Әлемде 2500-ден астам тіл бар. Әр жыл, ай, тіпті, күн сайын бір тіл жойылып отырады екен. Бұл күндері әлі де көптеген тілдердің жойылып кету қауіпі бар.

Адамдар өз ана тілінің жойылып кетпеуі үшін барын беруге даяр. Неге десеңіздер, олар үшін өмірдегі ең бағалы құндылықтардың бірі – ана тілі. Ана сүтімен дарыған тілдің қасиетін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Әр халықтың, ұлттың өз ана тілі бар. Қазақстанда әр ұлттың өз ана тілі мен салт-дәтүрін, мәдениетін білуіне барлық жағдай жасалған.
Бұл туралы ҚР Президентінің 2021 жылғы қаңтардың 5-індегі «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Бүгінде мемлекеттік тілді білетін қазақтың да, өзге этнос өкілдерінің де үлесі едәуір артты. Барша этнос өкілдерінің ана тілін, салт-дәстүрін дамытуға мүмкіндік жасала береді. Жастарымыз бірнеше тіл білу өздерінің көкжиегін кеңейтіп, көкірек көзін оятатынын жете түсінген абзал», – деп айтқан болатын. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Этностық топтардың тілдерін дамыту, Қазақстан халқының тілдерін сақтау және үйрену, этномәдени бірлестіктер базасында тілдерді үйренуге әдістемелік қолдау көрсетуді жүзеге асыру керек», – деп көрсетілген.
Аталған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында Қостанай облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасы «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы» КММ-сі Қостанай облысы аумағында тұратын этникалық топ өкілдеріне тегін өз ана тілдерін оқыту курстарын 2017 жылдан бастап ұйымдастырып келеді. Қостанай облысындағы 17 этномәдени бірлестігіне жыл сайын хат жіберіліп, өз еріктерімен ниет білдірген тіл үйренушілер мен оқытушылар ұсынылады. 2017 жылы 7 тіл – 105 тыңдаушы, 2018 жылы 7 тіл – 120 тыңдаушы, 2019 жылы 7 тіл – 125 тыңдаушы, 2020 жылы 6 тіл – 130 тыңдаушы қамтылды.
Қазіргі таңда онлайн форматта татар, башқұрт, кәріс, поляк тілдері үстіміздегі жылдың ақпан айының 1-інен оқыту курстарын бастады. Оқытушылар жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан өтіп тұрады. Тоқтала кететін болсам, кәріс тілінің оқытушысы Р.Ким 2020 жылы шілде айында Корей Республикасы елшілігіндегі білім беру орталығы мен Қазақстандағы шетелдік корей қорының қолдауымен кәріс мектептерінің ассоциациясынан, поляк тілінің оқытушысы И.Гвоздецкая Шығыстағы полоний мектептері мұғалімдеріне арналған люлиндік біліктілік курсынан өтіп, сертификат иеленді. Сондай-ақ ана тілдерінің мұғалімдері үшін «Көптілділік – бәсекеге қабілетті тұлға кепілі» тақырыбында республикалық семинар-тренинг өткізілді.
Бүгінгі күнге дейін тілдерді оқыту орталығының оқытушылары мен әдіскерлері барлық тілдік курстарға арналған 100 сағаттық оқу бағдарламаларын әзірлеп, онда ауызекі сөйлеуге басымдық беріп жүр. Курстарда тыңдаушылар тіл үйренумен қатар өздерінің салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен танысады. «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығының жылдық жоспарына сәйкес оқытушылар ашық сабақтар өткізеді, әдіскерлер сабақты ұйымдастыруда барлық көмек түрін көрсетіп келеді. Орталықта кәріс, поляк тілдерін үйренуге деген қызығушылық жоғары. Қазір кәріс, поляк тілдерін үйренушілер қатарында кәрістер мен поляктар ғана емес, өзге де ұлттар көп екенін атап өткіміз келеді. Мұның өзі облысымыздағы тілдік ахуалдың көптілділік бағытта дамып келе жатқанын көрсетеді.
Алтын ТАШМАҒАНБЕТОВА,
«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту
орталығының әдіскері,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.