Облыстық байқау қорытындысы

Выпуск - №43(540)   :   08.11.2022
578

«Туған өлке – тұнған тарих» ғылыми-зерттеу жобаларының облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Жалпы аталған байқауға облыстағы 3 қала мен 13 аудан мектептерінің 10-11 сынып оқушыларынан 44 ғылыми-зерттеу жобасы келіп түсті.

Жоғары сынып оқушыларының өзі тұратын туған өлкесінің, ауылы мен қаласының тарихын білу, оны зерделей отырып, ғылыми-зерттеу қабілеттерін дамыту мақсатын көздеген байқау үш номинация бойынша өткізілді. Олар: «Менің ауданымның (қаламның) ономастикалық атауларының тарихы»; «Ауыл атаулары тарихының ерекшеліктері»; «Елді мекендер көшелері атауларының тарихи-саяси аспектілері». Ғылыми-зерттеу жобалар байқауында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің гуманитарлық-әлеуметтік пәндер кафедрасының профессоры, т.ғ.к. С.Исмаилов, дәл осы кафедраның меңгерушісі, т.ғ.м. Г.Нурушева және осы кафедраның аға оқытушысы, ф.м. Ш.Тулегенова ғылыми жұмыстарды зерделеп, ең үздік деген жобалардың жеңімпаздарын анықтады.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау жиынында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Қалмақов Ерлан Болатұлы құттықтау сөз сөйлеп, жеңімпаздарға басқарма атынан дипломдар мен Алғыс хаттар табыстады. Сонымен «Менің ауданымның (қаламның) ономастикалық атауларының тарихы» номинациясы бойынша жүлделі І орынды №2 Ұзынкөл ЖББ мектебінің 10-сынып оқушылары Саят Жумасаев, Санжар Акешов, ІІ орынды Арқалық қаласындағы Б.Майлин атындағы №3 ЖББ мектептің 10-сынып оқушысы Ақния Құлажан, ІІІ орынды Б.Майлин ауданындағы Асенкритовская орта мектебінің 11-сынып оқушысы Адель Уразбаева және Қостанай ауданының Тобыл қаласы мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Санжар Мукашев иеленді.

Байқаудың «Ауыл атаулары тарихының ерекшеліктері» номинациясы бойынша жүлделі І орынға Әулиекөл ауданындағы №1 Құсмұрын ЖББ мектебінің 11-сынып оқушысы Томирис Темербаева, ІІ орынға Сарыкөл ауданындағы Ө.Сұлтанғазин атындағы ЖББ мектебінің 10-сынып оқушысы Ержан Жақсылық (суретте), Қостанай қаласындағы №15 ЖББ мектебінің 10-сынып оқушысы Асель Ибрай, ІІІ орынға Қарасу ауданындағы Ильичевская орта мектебінің 11-сынып оқушысы Екатерина Назарова және Қостанай ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Адам Михальков ие болды.

«Елді мекендердегі көше атауларының тарихи-саяси аспектілері» атты үшінші номинация бойынша жүлделі І орынды Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын орта мектебінің 10-сынып оқушысы Анастасия Квятковская, ІІ орынды Рудный қаласындағы №5 гимназияның 11-сынып оқушысы Виктория Рассказова, ІІІ орынды Қостанай қаласындағы №19 орта мектептің 10-сынып оқушысы Галимжан Турлыбеков қанжығасына байлады. Жүлделі орындарды иеленген оқушылардың ғылыми жетекшілеріне де Алғыс хаттар табысталды.


Гүлнар ТАЛАПОВА,
«Тілдарын» облыстық
тілдерді оқыту орталығы
басшысының орынбасары,
Қостанай қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.