Тіл мерекесінің Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орайластыра өткізілуінің өзіндік мәні бар. Неге десеңіз, ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлы, басқа қырларын айтпағанның өзінде, алдымен қазақ тіл білімінің, оның ішінде қазақ тілін оқыту әдістемесі ілімінің негізін қалаушы ірі ғалым екені әмбеге аян.
1872 жылдың 5 қыркүйегінде дүниеге келген болашақ Алаш арысының құрметіне бұл күн Қазақстан халқы тілдері күні болып бекітілгеніне де бірнеше жыл болды. Таяуда дәл осы күні Қостанай қаласындағы Жастар сарайында «Тіл – рухани қазына» атты облыстық деңгейдегі салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік басқосуға мәдениет басқармасы басшысының орынбасары М.Әбдірахманов, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, сондай-ақ этно-мәдени бірлестік және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында Л.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап-ғылыми кітапхана мен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің ұйытқы болуымен «Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық мұрасы» атты көрмелерге шолу жасалды. Ендігі сөзіміз осынау айтулы күн аясында өткізілген Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік педагог-2024» облыстық байқауы турасында өрбімек. Байқау тіл білгірі, әдіскер ғалым А.Байтұрсынұлының әдістемелік еңбектерін зерделеу арқылы оның тіл меңгертуге қатысты тиімді әдіс-тәсілдерін жаңғыртып, насихаттау, сонымен қатар тіл үйретудің заманауи озық әдіс-тәсілдерін көрсету, мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілінен сабақ берудің сапасын арттыру және оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіру мақсатында өзара тәжірибе алмасу мақсатын көздеді.
«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Т.Аймағамбетованың мұрындық болуымен ұйымдастырылған байқауға облысымыздың әр өңірінен 11 педагог қатысты. Өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді оқытып жүрген мамандар екі кезеңнен тұратын тапсырмалар кешені бойынша сайысқа түсті. Қатысушыларға сұрақтардың ұлт ұстазының әдістемелік мұрасына қатысты қойылуы тегін емес. Неге десеңіз, Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі өміршеңдігімен, өзектілігімен ерекшелене бермек.
Айталық, Ахаң «Қазақша оқу жайынан» мақаласында: «Бір нәрсені істегенде, сол істі істей білетін адам істесе, шапшаң да, жақсы да істейді», – деп жазады. Демек, өз ісін жетік меңгерген, кәсіби шебер маман ғана жақсы нәтижеге қол жеткізе алады. Тілді меңгертуде озық әдістемеге сүйене отырып, тіл үйренушілерді қазақ тілінде ойын дәл әрі анық жеткізе алатын деңгейге жеткізу оқытушының біліктілігіне, кәсіпқойлығына байланысты. Яғни, тілді оқытудағы түпкі нәтиже оқытушының әдіскерлік шеберлігіне байланысты болмақ.
Осыған орай, Ахмет Байтұрсынұлының: «Әдіссіз тек мәніс білімі – өлі білім», – деуі негізсіз емес. «Қай әдіс жақсы?» еңбегінде Ахаң: «Әдісін алғанша, қай істе болса, қиын болады. Әдісін алған соң, қайсысы болса да, оңайланады. Одан әрі тек жаттығу, төселу үшін, істің қайта-қайта істелуі керек», – деп, әр маманға ой саларлық тамаша пікірін білдіреді. Бұдан түйетініміз: тиімді әдіс түрлеріне төселіп, оларды ұтымды пайдалана білген маман ғана оң нәтижеге қол жеткізе алады. Осы тұста әдіске мән берудегі басты себеп: тілді оқытуда күтілетін нәтижеге қол жеткізу тек оңтайлы әдістеменің арқасында жүзеге асатынына назар аударту.
Аталмыш байқау барысында тіл мамандары өзара сайысып қана қоймай, кәсіби біліктіліктерін де жетілдіріп, ересектерге мемлекеттік тілден сабақ берудің озық әдістерімен бөлісіп, тәжірибе алмасты. Олардың әрқайсысы тіл меңгерудің оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым сынды түрлері бойынша сынға түсті. Осылайша, тартысты өткен байқау қорытындысы бойынша, жүлделі үшінші орынды С.Досболова, екінші орынды Ж.Нағыманова, бірінші орынды Е.Әлихан иеленді. Бас жүлде Рудный қаласынан қатысқан оқытушы Л.Өтемұратоваға бұйырды. Ендігі кезекте, ол республикалық байқауға қатысып, Қостанай облысының намысын қорғамақ.
Тіл мерекесінің қорытынды бөлігінде еліміздің тіл саясатын дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар тұлғалар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, одан қалды Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен, мәдениет басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды. Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармония және Қостанай ауданының «Алтын дән» мәдениет үйінің әртістері, «Жұлдыз» студиясының өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынып, іс-шараның сәнін келтірді.
Биалаш СҮЙІНКИНА,
ҚР Білім беру саласының құрметті қызметкері
Областная образовательная газета «Учительская плюс» – это настоящая педагогическая копилка. В одном номере можно увидеть работу самых разных учителей со всей области, разные направления, почерпнуть ценный опыт. Можно, конечно, что-то и в соцсетях прочитать, но там надо искать, заходить к каждому на страничку отдельно, а газету открываешь – и всё костанайское образование перед тобой, вся наша учительская жизнь. Я с удовольствием рассказываю о своей работе, о своих методах, об успехах моих воспитанников. Газета помогает мне делиться своими идеями и вдохновляться работами коллег.
Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!