Облыстық «Ыбырай оқулары»

Выпуск - №42 (489)   :   02.11.2021
289

Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Ыбырай оқулары» облыстық байқауы өтті. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты шара онлайн форматта ұйымдастырылды.

Ыбырай Алтынсариннің өмірімен таныстыру, оның рухани асыл-мұраларын насихаттау, жазушының шығармалары арқылы қоғамдық ынтымақтастықты орнықтыру, көркемсөз оқу шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіру мақсатын көздеген байқауға 18-29 жас аралығындағы 39 адам қатысқанын айта кеткен ләзім. Бәсірелі байқаудың нәтижесінде қатысушыларға жүлделі орындармен қатар арнайы номинациялар да берілді. Қазылар алқасынан шешімі бойынша «Менің пірім – Ыбырай» номинациясына Қостанай қаласындағы №14 мектептің мұғалімі А.Аманбаева, «Алтынсарин мұрасының білгірі» номинациясына Арқалық қаласындағы №2 әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкері Е.Әуезхан, «Ыбырайды оқимын да тоқимын» номинациясына Меңдіқара ауданының тілдерді оқыту орталығының оқытушысы И.Мусинов иеленді.


Жүлделі орындарға тоқталар болсақ, І орынды Арқалық қаласындағы Б.Майлин атындағы №3 мектептің мұғалімі А.Сәлімжан, ІІ орынды Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің қор бөлімінің сектор меңгерушісі С.Мырзабай, ІІІ орынды Сарыкөл ауданының Урицк мектеп-лицейінің мұғалімі Е.Өміртай иеленді. Байқауға қатысып, бақ сынаған жастардың барлығына арнайы сертификат және қатысушылардың арнаулары топтастырылған жинақ кітапша табысталды. Номинация иегерлеріне Диплом және Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арнайы жасалған статуэткалар берілді. Ал жүлдегерлер болса, Дипломнан бөлек ыбырайтанушы-ғалым Серікбай Оспановтың «Ыбырай жолы» кітабымен және Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арнайы жасалған статуэткалармен марапатталды.


Бахытгүл ЗАРЛЫҚҚЫЗЫ,
Қостанай облысы әкімдігінің
тілдерді дамыту басқармасының
бөлім басшысы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.