Қостанай қаласында Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай, «Снайперский рубеж» атты облыстық ату жарысы өтті. Сайысқа өңіріміздің түкпір-түкпірінен 14 пен 17 жас аралығындағы 100-ден астам білім алушы қатысып, жалпы 24 команда бақ сынады.
Биыл бұл жарыс алғаш рет Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының ұйымдастыруымен өтті. Сайысқа мектеп оқушылары мен колледж студенттерінен құралған командалар үлкен және кіші жас санаттары бойынша қатысып, мергендіктерін көрсетті. Нәтижесінде анықталған үздік атқыштар облыс атынан «Мерген ару» республикалық атыс жарыстарына қатысатынын айта кеткен жөн.
– «Мерген ару» сайысы жыл сайын ұйымдастырылады. Өңірлік іріктеу жарысына Қостанай жоғары педагогикалық колледжінен – төрт, Қостанай жоғары политехникалық колледжінен екі студент қатысып отыр. Екі колледжден үздік қатысушыларды іріктеп, біріккен команда құрдық. Балаларға деген сеніміміз жоғары. Мақсатымызға жетіп, жүлделі орынға ие боламыз деп сенемін, – дейді Қостанай жоғары политехникалық колледжінің аға оқытушысы.
Тартысты сайыс нәтижесінде кіші жас тобындағы ұлдар арасында жекелей сында 1-орынға «Братишки» әскери-патриоттық клубының (ӘПК) мүшесі Антон Баланчук (Жітіқара ауданы), 2-орынға «Бүркіт» ӘПК мүшесі Артем Горбатенко (Ұзынкөл ауданы), 3-орынға дәл осы «Бүркіт» ӘПК мүшесі Никита Лыхно ие болды. Кіші жас тобындағы қыздар арасында жекелей сында 1-орынды «Патриот» ӘПК мүшесі Валерия Горецкая (Ұзынкөл ауданы), 2-орынды «Бүркіт» ӘПК мүшесі Светлана Лаукерт (Қамысты ауданы), ал 3-орынды «Легион» ӘПК мүшесі Куляш Кошубай (Қостанай ауданы) иеленді.
Үлкен жас тобындағы ұлдар арасында жекелей сында 1-орынға «Ұлан» ӘПК мүшесі Андрей Вязников (Лисаков қаласы), 2-орынға «Патриот» ӘПК мүшесі Азамат Тюлипергенов (Ұзынкөл ауданы), 3-орынға «Легион» ӘПК мүшесі Азат Сейсенбаев (Қостанай ауданы) ие болды. Үлкен жас тобындағы қыздар арасында жекелей сында 1-орынды «Патриот» ӘПК мүшесі Ксения Куденко (Ұзынкөл ауданы), 2-орынды «Бүркіт» ӘПК мүшесі Мариам Жакупова (Ұзынкөл ауданы), ал 3-орынды «Ұлан» ӘПК мүшесі Дилара Садуова (Лисаков қаласы) иемденді.
Қыздар арасындағы командалық біріншілікте 1-орынға – Ұзынкөл ауданындағы «Патриот» ӘПК, 2-орынға – Лисаков қаласындағы «Ұлан» ӘПК, 3-орынға – Ұзынкөл ауданындағы «Бүркіт» ӘПК лайық деп танылды. Ұлдар арасындағы командалық біріншілікте 1-орынмен Ұзынкөл ауданындағы «Патриот» ӘПК, 2-орынмен Ұзынкөл ауданындағы «Бүркіт» ӘПК; 3-орынмен Лисаков қаласындағы «Ұлан» ӘПК марапатталды. Жалпыкомандалық есепте 1-орынға Ұзынкөл ауданындағы «Патриот» ӘПК, 2-орынға Ұзынкөл ауданындағы «Бүркіт» ӘПК, 3-орынға Лисаков қаласындағы «Ұлан» ӘПК ие болды.
Гулим БАТЫР
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.