Дәл осындай тақырыпта Қ.Әбенов атындағы аудандық мәдениет үйінде аудандық Жастар форумы болып өтті. Оған облыс бойынша жастармен жұмыс істейтін мамандар, ауданымыздың белсенді жастары мен еріктілер қатысты.
«Nur Otan» партиясы Амангелді аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Әмірхан Асанов форумға қатысушы жастарды құттықтап, биіктерді бағындырып жүрген бірқатар талапты жасқа еңбектегі жемісті қызметі үшін Алғыс хат табыс етті. Атаулы іс-шараға «Nur Otan» партиясы Амангелді аудандық филиалы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері де белсене ат салысқанын атап өткен жөн.
Форумда «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының» мектепке дейінгі және орта білім беру әдістемелік кабинетінің тәрбие жұмысы және тұлғаны әлеуметтендіру бөлімінің басшысы Нұржан Оразғалиұлы, Қостанай облысы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы М.Жұрқабаев, аудандық «Сатыбалды ишан» мешітінің бас имамы Ж.Әмірхамзин, аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Тажин, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы А.Ташимов, Арқалық қалалық Жастар ресурстық орталығының директоры А.Ахметжанов, жеке кәсіпкер А.Танатбаев өз кезегінде сөз сөйлеп, ізгі лебіздерін білдірді.
Шара барысында жастарға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар, мемлекеттік бағдарламалар жөнінде толық ақпарат беріліп, аудан жастары туралы арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ, жастар тарапынан бірқатар өзекті сұрақтар қойылып, нақты жауап та алынды. Жиын соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасы және Арқалық қаласынан арнайы келген «Ару.kz» жайдарман командасының өнерімен жалғасты.
Әнет ЖҰМАБЕК,
«Шұғыла» қосымша білім
беру орталығы жетекшісі,
Амангелді ауданы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.