Бүгінгі таңда балалар әдебиетіне қалам тербеп жүрген жазушыларды саусақпен санап алуға болады. Олардың жүрегінен өткен шығармалары да көпшілік үшін қолжетімсіз көрінері белгілі. Неге?
.jpeg)
Ондай тілі жеңіл, балаларды «ә» дегеннен баурап алатын мазмұны қызықты дүниелердің таралымның аз болуы мен тиісті деңгейде насихатталмауына байланысты бұл кітаптар өзінің оқырмандарын таппай жүр. Бұның кері әсерін бауыр еті баламыз бен қаракөз кішкентай іні-сіңілдеріміз татып келеді. Олар бөгде елдің мультфильмдерін көруге мәжбүр. Бүгінде техниканың қарыштап дамыған заманында баланың кітапқа деген қызығушылығын арттырудың өзі қиын дүние екенін мойындаймыз. Осы ретте өзінің жан қалауымен бүлдіршіндер тілінде ертегілер жазып, келешек ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне сүбелі үлес қосуда мақсат еткен балалар жазушысы – Бақытжамал Ажигалиева.
Абай негізгі орта мектебінде «Волшебный сундучок», «Путешествие в мир чудес» ертегілер мен әңгімелер жинағының авторы, Сормовская негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бақытжамал Сеитқызының қатысуымен «Сөз естілді...» атты әдебиет залының отырысы өтті. Қадірлі қонағымыз балалармен өзінің жазушылық қабілетін қалай ашқаны, шабытты қайдан алатыны, шығармалары қандай мақсатты көздейтіні, оларды қандай аудитория үшін, қалай және қашан жазатыны туралы әңгімеледі.
.jpeg)
Тағылымды шара барысында оқушылар Бақытжамал Сеитқызының бірнеше шығармаларын таныстырды. Сондай-ақ жазушы өзінің жоспарларымен, басылымға әзірленіп жатқан кітабымен бөлісті. Жазушымен бұл кездесу жиналғандардың көбін шығармашылыққа, әдебиет оқуға, кітап оқуға шабыттандырды. Кездесу сәтті өтіп, жиналған көрермендер ризашылықтарын білдірді.
Айдана УРАЗАКОВА,
Абай негізгі орта
мектебінің бастауыш
сыныптар мұғалімі,
Қостанай ауданы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.