«Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана», – дейді белгілі жазушы Әбіш Кекілбаев. Қанша уақыт өтсе де, бұл сөздің маңызы жоғалмақ емес. Елімізде «Ұлттық рухани жаңғыру» идеясын жүзеге асырудың бір тармағы ретінде «Оқитын ұлт» жобасы қолға алынған.

Аталған «Оқитын ұлт» жобасы аясында «Dauletten» қайырымдылық қоры» жеке қорының бастамасымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен «Қазақстан студенттер Альянсы» бірлесе отырып, 2023 жылғы маусымның 10-ы мен қыркүйектің 10-ы аралығында «Оқуға құштар жас» республикалық кітап байқауын өткізген еді. Облысымыздың жастары арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, білімді, талантты жастарды анықтау мақсатында өткізілген байқауға 18-35 жас аралығындағы кез келген ҚР азаматы қатысты. Іріктеу 1-10 маусым аралығында жүргізілді. Сайысқа қатысуға ниет білдірген жастар алдын ала www.dauletten.kz сайты арқылы тіркелген. Нәтижесінде әр облыс бойынша 20 қатысушы іріктеліп алынды.
Қостанай облысы бойынша өңірдің түкпір-түкпірінен сайысқа қатысуға өтініш келіп түскен. Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы облыс бойынша аталған сайыстың үйлестірушісі болды. Сайыс талаптары бойынша қатысушылар үш ай ішінде таңдалып алынған 5 шығарманы оқып шығуы тиіс еді. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы, Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» романы, Рахымжан Отарбаевтың «Біздің ауылдың амазонкалары» шығармасы, Дулат Исабековтің «Қарғын» романы, жас жазу Аягүл Мәнтайдың «Жүрекке оралу» шығармасы таңдалып алынды.
Ұйымдастырушылар әр шығарманың мерзімін бекітіп, сол мерзімде оқылған шығарма Zoom платформасында талқыланып отырды. Шығармалар кездейсоқ таңдалмағаны анық. Әр шығарма, әр роман оқырманға ой салатын, жастардың тұлға болып қалыптасуына әсер ететін – отбасы құндылықтары, өмір сүруге жетелейтін арман-мақсат, қолда барды бағалау тақырыптарын қамтыды. «Қамар сұлу» романында әлеуметтік теңсіздік, қиын да күрделі тағдыр, білімсіздік, қараңғы халық өмірі орын алса, ауыл тұрғындарының арман-әрекеті, ер-азаматтармен қатар атқарған әйел адамның қара жұмыстарын да сипаттайтын ауыл өмірі бейнеленген «Біздің ауылдың амазонкалары» шығармасының да орны ерекше.
«Ақиқат пен аңыз» романындағы батыр Бауыржан Момышұлының әскердегі өмірі, отбасындай болып кеткен әрбір солдат үшін тебіренгендігін сұхбат ретінде алып отырып жазған Әзілхан Нұршайықовтың табиғатты сипаттауы да өз алдына ерекше. Отбасын бағалау әрі құрметтеу, жауапсыз махаббат, ұлы сезім жолындағы құрбандық, психологиялық тартысқа толы толғаныстар «Қарғын» романы мен «Жүрекке оралу» шығармасында қамтылған. Осындай шығармаларды әр қатысушы қызу талқылап, ой-пікірін еркін жеткізе білді. Сайыстың талабы бойынша, шығарма талқыланған соң, қатысушылардың әрқайсысы әлеуметтік желіде пост жариялауға міндеттеліп, онлайн платформада тест тапсырды.
Байқау жеңімпаздары Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өтетін ресми шараға қатысты. Қостанай облысы бойынша қатарластарынан оза шауып, жеңіске жеткен қатысушымыз Қарасу ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы ОМ жас ұстазы Әсел Қайбұлданы марапатымен құттықтаймыз. Әсел Жанасбайқызы Қостанай облысында «Оқуға құштар жастар» бар екенін дәлелдеді. «Білімдінің күні – жарық» демекші, республикалық кітап оқу сайысы жастардың интеллектуалдық қабілетін арттырып, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.
Гүлжанат АМИРХАМЗИНА,
Л.Н. Толстой атындағы
Қостанай облыстық әмбебап
ғылыми кітапханасы,
кітапханаларды дамыту
бөлімінің әдіскері
Сберечь природу в наших силах
Сила единства и результатов: итоги работы профсоюзных организаций Карасуского района
Маленькие исследователи
Праздник профессионализма: выбраны лучшие педагоги-психологи области
Обмен опытом и расширение возможностей
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».