Ринат Мұхаметқали байқауда белсенділік танытқан өңірлердің бірі – Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Мәжит Шүленовке Алғыс хат табыс етті
Қостанай қаласындағы «IQOSTANAY» Оқушылар сарайында ІІ облыстық «#ОқыЖәнеЖең» онлайн кітап оқу байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Қатысушылар бірнеше ай бойы кітаптардың таңғажайып әлеміне терең бойлап, әсерлі эсселер жазып, күрделі әдеби шығармаларды талдады.
Облыстық білім басқармасының басшысы Айман Ибраева жеңімпаздарға оқу-сауықтыру орталығына жолдама табыстады
Байқау қазақ және орыс тілдерінде үш жас санатында өткізіліп, облыстың мәдени өміріндегі маңызды оқиғаға айналды. Ол кітап оқуды ұнататындар, тәрбиешілер, кітапханашылар, мектеп оқушылары мен студент жастар арасында кеңінен қолдау тапты. Марапаттау кешінде әсем әндер шырқалды, «Костанайские зори» би ансамблі «Әлқисса» биін биледі, өңірімізге танымал ақын, жазушылар Абылай Мауданов пен Жандос Жүсіпбек әсерлі әуеннің ырғағымен мәнерлеп өлең оқып берді.
Оқырман марафоны мәресіне жетіп, жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен, ақшалай сертификаттармен және облыстық театрларға билеттермен марапатталды. Кітап оқу сайысының биік тұғырынан көрінген жеңімпаз оқырмандарды құттықтау үшін, ең алдымен, ортаға қаламгер-журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының Қостанай облысындағы өкілдігінің басшысы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Жанұзақ Аязбеков шығып, онлайн байқаудың 3-орын иегерлерін марапаттап (қазақ тілінде), жүлделі орындарға ие болған оқушылардың ата-аналарына Алғыс хаттар табыстады.
Байқаудың қолға алынуына мұрындық болған Ринат Зәкиұлына қазылар алқасының төрағасы Александра Суслова алғыс білдірді
10 жастан 14 жасқа дейінгі жас санаты бойынша 3-орын иегерлері: Жангелдин ауданындағы Қ.Жармағанбетов атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Нұрай Жылқыбай және анасы Айгүл Өміртайқызы; Науырзым ауданындағы Дәмді орта мектебінің 8-сынып оқушысы Мадина Зинолла және анасы Гүлжихан Серікбайқызы; Науырзым орта мектебінің 9-сынып оқушысы Жансая Сәлімкерейқызы және анасы Орынкүл Бірмағанбетқызы.
15 жастан 18 жасқа дейінгі жас санаты бойынша 3-орын иегерлері: Рудныйдағы Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназияның 10-сынып оқушысы Дильназ Абдрахманова және ата-анасы Азамат Абдрахманұлы мен Қымбат Исланбекқызы; Амангелді ауданына қарасты Амантоғой орта мектебінің 10-сынып оқушысы Жәния Сапар және анасы Гульмира Файзуллиновна; Қостанай қаласындағы С.Көбеев атындағы мектептің 11-сынып оқушысы Гүлбаһар Жұмабек және ата-анасы Есенжол Жұмабекұлы мен Айнагүл Аманжолқызы.
19 жас және одан жоғары жас санаты бойынша 3-орын иегерлері: «ОқыЖәнеЖең» онлайн байқауының бірінші кезеңінің де қатысушысы Рудный қаласындағы Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназияның мұғалімі Жанбота Ғиса; Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының мұғалімі, қазір декреттік демалыстағы ана Гүлбаршын Жаппасбаева; Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының мұғалімі Думан Саин.
Артынша ортаға ІІ облыстық «#ОқыЖәнеЖең» онлайн байқауының қазылар алқасының төрағасы – ақын, прозашы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, педагог Александра Суслова шығып, байқауға орыс тілінде қатысып, жүлделі 3-орынды иеленген қатысушыларды марапаттады.
Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназияның 10-сынып оқушысы Дильназ Абдрахманова және анасы Қымбат Исланбекқызы (3-орын)
10 жастан 14 жасқа дейінгі жас санаты бойынша 3-орын иегерлері: Ұзынкөл ауданындағы №1 мектептің 9-сынып оқушысы Полина Мозер және анасы Ирина Николаевна; Қостанай қаласындағы №8 мектептің 8-сынып оқушысы Камила Нурпеисова және анасы Роза Калеловна; Қостанай қаласындағы №8 мектептің 8-сынып оқушысы Алима Халитова және анасы Салтанат Муратбековна.
15 жастан 18 жасқа дейінгі жас санаты бойынша 3-орын иегерлері: Қостанай қаласындағы Академиялық лицейдің 11-сынып оқушысы Софья Кузина және анасы Людмила Владимировна; Қарасу ауданындағы Абай атындағы мектептің 11-сынып оқушысы Снежана Какенова және анасы Марина Муратовна; Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 11-сынып оқушысы Саяжан Мутунова және анасы Айгерим Коккинакиевна.
19 жас және одан жоғары жас санаты бойынша 3-орын иегерлері: Рудный қаласындағы «РосНефтеХим.kz» ЖШС бас есепшісі, үш баланың анасы Анастасия Галкина; Қарабалық ауданынан қатысқан Мария Качко; Қостанай ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектептің информатика пәнінің мұғалімі Данара Тулепова.
Байқау жұмысының көп бөлігі кітапханашыларға жүктелгені белгілі, іс-шара барысында байқаудың барлық кезеңдеріне белсенді қатысқан облыс кітапханалары мен орталықтандырылған кітапхана жүйелерінің басшылары және ұжымдары Алғыс хаттармен марапатталды.
Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап-ғылыми кітапхана басшысының орынбасары Салима Сазанбаева, Қарабалық аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Умут Галеева, Арқалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Дәмет Құсаин және Әулиекөл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Светлана Серкебаева.
Облыстық мәслихат депутаты, аймақтық «Мирас» қоғамдық кеңесінің төрайымы Қырмызы Жанбыршина байқаудың 2-орын иегерлерін (қазақ тілінде) марапаттап, кәмелетке толмаған қатысушылардың ата-аналарына Алғыс хаттарды тапсырды.
10 жастан 14 жасқа дейінгі жас санаты бойынша 2-орын иегерлері: Рудный қаласындағы Абай атындағы мектептің 8-сынып оқушысы Қадырғали Есенкулов және анасы Жаңылай Қарсыбекқызы; Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 6-сынып оқушысы Жанибек Жургенов және анасы Айнұр Тыныштыққызы.
15 жастан 18 жасқа дейінгі жас санаты бойынша 2-орын иегерлері: Арқалық қаласындағы А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияның 10-сынып оқушысы Лунара Алмат және ата-анасы Канат Алматұлы мен Күлимаш Қанатқызы; Амангелді ауданындағы Құмкешу орта мектебінің 11-сынып оқушысы Эльнура Муханбеткалиева және анасы Жазира Мейрамқызы.
ІІ облыстық «#ОқыЖәнеЖең» онлайн кітап оқу байқауының үш жас санаты бойынша 1-орын иегерлері
19 жас және одан жоғары жас санаты бойынша 2-орын иегерлері: Сарыкөл ауданындағы Урицк мектеп-лицейінің мұғалімі Есбол Өміртай; Амангелді ауданындағы Тасты орта мектебінің мұғалімі Мəди Шөптібай.
Байқаудың бірден-бір мақсаты – жас ұрпақты оқуға тарту, оқушылар арасында оқу мәдениетін тәрбиелеу. Бұл мақсат педагогтердің қолдауынсыз жүзеге аспас еді. Сол себепті, білім беру саласының өкілдеріне Алғыс хаттар табысталды. Мысалы, белсенді білім ордаларының ішінде бірден 25 оқушысы қатысқан Рудный қаласындағы №10 мектеп-гимназия мен 17 оқушысы қатысқан Б.Майлин ауданындағы Красносельск жалпы білім беретін мектебін ерекше атап өтуге болады.
Артынша облыстық мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Атамұратов байқауға орыс тілінде қатысып, 2-орынға ие болған жеңімпаздарды марапаттады.
10 жастан 14 жасқа дейінгі жас санаты бойынша 2-орын иегерлері: Ұзынкөл ауданындағы №1 мектептің 9-сынып оқушысы Кирилл Райляну және анасы Ирина Николаевна; Қостанай қаласындағы №8 мектептің 8-сынып оқушысы Диана Бисембина және анасы Ирина Кормонкалеевна.
15 жастан 18 жасқа дейінгі жас санаты бойынша 2-орын иегерлері: Қостанай қаласындағы №1 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы Айша Әуезхан және ата-анасы Рустам Әуезханович пен Раушан Мнайдаровна; Қостанай қаласындағы №2 мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы Тоғжан Сугурова және анасы Гүлжан Тлегеновна.
19 жас және одан жоғары жас санаты бойынша 2-орын иегерлері: Федоров ауданындағы Пешков ЖББМ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Юлия Ефремова; Сарыкөл ауданындағы «АманжолАкро» ЖШС метеопостының кезекшісі Валентина Токарева.
Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали ортаға шығып, байқауда белсенділік танытқан өңірлердің өкілдеріне – Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Мәжит Шүленовке, Қостанай ауданы әкімінің орынбасары Маржан Досқалиеваға Алғыс хаттар табыстады. Артынша байқаудың жеңімпаздарына кезек жетіп, Ринат Зәкиұлы 1-орын алған үздіктерді марапаттады.
10 жастан 14 жасқа дейінгі жас санаты бойынша қазақ тілінде қатысып, 1-орынға Қостанай қаласындағы С.Мауленов атындағы гимназияның 7-сынып оқушысы Дана Кенжетаева және анасы Алма Төлегенқызы ие болды. Осы жас санаты бойынша орыс тілінде қатысып, 1-орынды Қостанай қаласындағы Физика-математикалық лицейдің 6-сынып оқушысы Алиса Абишева және анасы Алена Юрьевна иеленді.
15 жастан 18 жасқа дейінгі жас санаты бойынша орыс тілінде қатысып, 1-орынды Қостанай қаласындағы №2 мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы Аян Усембаев және анасы Шайзат Амантаевна иеленді. Ал, дәл осы жас санатында қазақ тілінде қатысып, 1-орынға Рудный қаласындағы М.Дулатұлы атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Асем Бегалиева және анасы Дамели Махабатовна ие болды.
19 жас және одан жоғары жас санаты бойынша қазақ тілінде қатысып, 1-орынға Рудный қаласындағы Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназияның мұғалімі Айгерім Бірімжанова ие болса, Қостанай қаласындағы №8 мектептің мұғалімі Наталья Семенова орыс тілінде қатысып, жеңімпаз атанды.
Үшінші орын иегерлері 50 мың теңгенің, 2-орын иегерлері 100 мың теңгенің, ал 1-орын иегерлері 150 мың теңгенің сертификаттарына ие болды. Сонымен қатар, облыстық білім басқармасының басшысы Айман Ибраева және М.Қарабаев атындағы облыстық оңалту орталығының бас дәрігері Тамара Асаула жеңімпаздарға бағалы сыйлықтарын табыс етті.
Салима САЗАНБАЕВА,
Л.Н. Толстой атындағы
Қостанай облыстық
әмбебап-ғылыми
кітапхана басшысының
орынбасары,
Жамал ШАУКЕН,
Қостанай қаласы
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».
Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.