«Өнегелі 15 минут» жобасының мәні

Выпуск - №3(651)   :   24.01.2025
4657

15-1

Білім алушылардың тұлғалық және рухани дамуын қамтамасыз ету мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Өнегелі 15 минут» жобасы мектептердегі тәрбие жұмыстарын жандандырудың тиімді әдісі ретінде ұсынылып отырғаны белгілі.

Бұл жоба білім беру мекемелерінде тәрбиелік мазмұндағы іс-шараларды күнделікті қысқа уақыт ішінде өткізу арқылы оқушыларға рухани, адамгершілік және мәдени құндылықтарды үйретуді мақсат етеді. Мектебімізде жоба қарқынды жүзеге асырылып келеді. Оған бастауыш сыныптан бастап жоғары сынып оқушыларына дейін белсенді қатысуда. Шәкірттеріміз ата-әжелерінің, ата-аналарының өмірден түйген тағылымды әңгімелерін тыңдап, ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіруде. Сөз орайы келгенде, аталмыш жобаның дамуына және алға қадам басуына үлес қосып жатқан мектебіміздің ата-аналарына шынайы алғысымызды білдіреміз.
Өмірде уақыттың қадірін түсініп, әр сәттің мәнін ұғу – адам үшін маңызды қасиеттердің бірі. Осыны ескере отырып, мектептерде «Өнегелі 15 минут» жобасын енгізу – оқушылардың тұлғалық дамуына ықпал ететін ерекше бастама. Аталмыш жоба тәрбиелік мәні терең және әр оқушының жүрегіне жол табатын тиімді әдіс ретінде танылып отыр. «Өнегелі 15 минут» – тек уақытша шара емес, ол оқушының күнделікті өміріне өнеге мен тәрбие енгізудің, рухани дамуына ықпал етудің құралы. Бұл жобаның ең басты мәні – әрбір минуттың құндылығын түсіндіру.
Жобаның басты идеясы – қарапайым, бірақ әсерлі. Яғни, отбасымен қатар мектеп қабырғасында таңертеңгі немесе сабақ арасындағы 15 минут ішінде мұғалімдер мен оқушылар өзара әңгімелесіп, өнегелі оқиғаларды тыңдайды, өмірлік маңызды мәселелерді талқылайды. Осы аз уақыттың өзінде оқушыларға жақсылықтың, адалдықтың, мейірімділіктің, уақытты тиімді пайдаланудың маңызын ұғындыруға болады.
Үлкендер айтқан өнегелі әңгімелердің әрқайсысы баланың жүрегінде із қалдырады. Мысалы, ұлттық салт-дәстүрлер туралы шағын ақпарат немесе батыр бабаларымыздың ерлігі туралы әңгіме оқушының бойында мақтаныш сезімін оятады. Ал достық, сыйластық немесе отбасының маңызы туралы айтылған қарапайым, мәнді әңгімелер адамгершілік қасиеттерді дамытады.
Жобаның тағы бір маңызды тұсы –балалардың жан-жақты дамуына ықпал етуі. «Өнегелі 15 минут» тек тыңдау ғана емес, ойлану, сұрақ қою, пікір алмасу мүмкіндігін де ұсынады. Мұндай әрекеттер балаларды өз ойларын елекке салып, пікірін ашық білдіруге және өзгелерді тыңдауға баулиды. Сонымен қатар, ата-аналардың балаларымен күнделікті мінез-құлық, адамгершілік пен еңбекқорлық туралы сөйлесіп, үлгі көрсетуі де жобаның мәні мен маңызын арттыра түсуде.
Жалпы, «Өнегелі 15 минут» – тек тәрбие беру емес, ол балалардың өмірге деген көзқарасын дұрыс бағытта қалыптастыруды көздейді. Бұл – уақыттың құндылығын, рухани байлықтың маңызын, адамгершіліктің асқақтығын дәріптейтін жоба. Сондықтан, осы 15 минуттық өнегелі сәттер балалардың жүрегіне үміт пен жақсылық дәнін себетін алтын уақытқа айналары сөзсіз. Өмірде әр минут бағалы, ал өнегелі минуттар – нағыз асыл мұра екенін ұмытпайық.

Қаламқас ДУЛЫБАЕВА,
Мемлекеттік тілде оқытатын
А.Байтұрсынұлы атындағы
ЖББМ математика пәнінің мұғалімі,
Қостанай ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.