Ономастика: ізденіс пен тәжірибе

Выпуск - №41(387)   :   25.10.2019
394

Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың мәжіліс залына жиналған бір топ зиялы қауым өкілдері «Ономастика: ізденіс пен тәжірибе» атты тақырып аясында ой қозғап, аталмыш саласының облысымыздағы бүгінгі жай-күйі, күрмеулі мәселелері және оны шешу жолдары талқыланды.

Осымен үшінші мәрте өткізіліп отырған конференцияға Қостанай облысы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Мендекинова, тіл жанашырлары – Ақылбек Шаяхмет, Қалқаман Жақып, Ғұмар Ахметчин және өзге де ономастика саласы бойынша үлес қосып жүрген тұлғалар қатысып, ұтқыр ойларымен бөлісті.

Президент Әкімшілігінің хатына сәйкес, бүгінгі күні елімізде идеологиялық тұрғыдан ескірген 5 мың 17 көше, 901 елді-мекен және 940 объект бар екен. Олардың негізгі бөлігі Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында орналасқан. Ал, Қостанай облысының аумағында жалпы 142 ауылдық округ бар десек, оның 42-сі (30%) идеологиялық ескірген, оның 7-еуі өзгертілді. Ауылдардың жалпы саны – 556 болса, оның 63-і идеологиялық ескірген, оның 7-еуі – өзгерді. Ал, көшелердің жалпы саны – 6138. Оның 602-сі идеологиялық ескірген атаулар болса, оның 98-і (18%) өзгертіліп, қалған 504-і (84%) әлі де өзгертуді талап етеді. Бұл деректерді алғашқылардың бірі болып сөз алған Қостанай облысы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Ермашқызы атап өтті.

Осы статистикалық деректердің негізінде облысымызда ономастика саласын жандандыру мақсатында елді-мекендерге, көшелерге тарихи атауларын қайтару, ескірген аттарын өзгерту бойынша заңға сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде өткен 2 жыл ішінде облыс бойынша 1 аудан, 7 ауылдық округ, 7 ауыл, 106 көше, 14 объектінің атаулары өзгертілді және атау берілген. Оның ішінде, Таран ауданының Бейімбет Майлин деп өзгертілуін атап өткен жөн. Өткен жылы Қостанай облысы Тілдерді дамыту басқармасына ономастика мәселесі бойынша 41, ал ағымдағы жылдың 9 айында 21 өтініш түскен. Осы 62 өтініштің көпшілігінде тұлғалар есімдерін көшелерге, мектептерге беру жөнінде мәселе көтерілген.

Қос тілде өткен конференция барысында ономастика мәселесімен филологтар емес, тарихшылардың айналысулары қажет екендігі айтылды. Жылына бір рет өткізілетін ономастика кеңесінің кеңейтілген отырысының соңында облыстық конференцияға қатысып отырған қалалық, аудандық Тілдерді дамыту басқармасының басшылары алғыс хаттарға ие болды.


Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

2 дня назад в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

2 дня назад в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

2 дня назад в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

2 дня назад в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.