Орманшы еңбегі еселі

Выпуск - №39 (587)   :   20.10.2023
468

Қазақтың сырға тұнған сайын даласында көз сүйсінтер көрікті жерлер жетерлік. Сұлтанмахмұт Торайғыровша айтсақ, о шеті мен бұ шетіне ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр атырыпта ұялмай көрсететін небір жауhарларымыз көп.

Солардың бірі – ұлттық байлығымыз, мақтанышымыз – Науырзым қорығы. Науырзым қорығы 1931 жылы ұйымдастырылды, бүгінгі таңда оның аумағы 191 мың 381 гектар жерді алып жатыр. 2008 жылы ЮНЕСКО-ның «Сарыарқа-Солтүстік Қазақстан далалары мен көлдері» номинациясы бойынша дүниежүзілік мәдени және табиғи мұрасы тізіміне енген Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы өзінің жабайы сұлулығымен төрткүл дүниені дүр сілкінтіп, таңғалдырып келеді. 2009 жылы Науырзым қорығының көлдер жүйесі Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты аймақ ретінде Рамсар тізіміне енгізілді.

Бұл күнде, Қойлыбаев Дулат Ғауезханұлы басшылық еткен, Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының штатында 64 маман «Табиғи кешендер мен обьектілерді қорғау бөлімі», «Орман өрттерін сөндіру бөлімі», «Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімі» және «Экология ағарту бөлімдерінде» жұмыс атқарады. Соның ішінде «Табиғи кешендер мен обьектілерді қорғау бөлімінің» қызметін ауыз толтырып айтуға тұрарлық. Ұлттық құндылығымыз – қорығымыздың жүгірген аңынан бастап, ұшқан құсына, жәндігіне дейін қорған болып, олардың тыныштығын көздің қарашығындай сақтайтын табиғатты қорғау инспекторларының еңбегі ерен.

Өздеріне белгіленген аймақтарында бекітілген 44 инспекторлар күн күркіресе, найзағай ойнаса биік мұнараның басына шығып, айналаны кірпік қақпай күзетіп, өздеріне берілген міндеттерін асқан сақтықпен, жауапкершілікпен атқарып келеді. Әсіресе, жаз мезгілінде жиілеп кететін орман өрттерінің алдын алып, өрт басталып жатқан жерді дер кезінде басшылыққа жеткізіп, дабыл қағатын да, өздеріне белгіленген нысандарды сақтықпен қарауылдап, табиғатқа залалын келтірер қаскөйлердің арам пиғылдарын жүзеге асыруға кедергі болып, құрықтауға да бірден бір себепкер болатын да – осы табиғат сақшылары.

Мекемемізде мамандарды штаттан тыс қабылдайтын «Орман өрттерін сөндіру бөлімі» өз істерін адал, жанкештілікпен атқаруда. Бірінші, екінші жасақ мамандары – өрт сөндіру барысында, тіпті, өмірлерін тәуекелге тігіп, қызыл жалынның бетін қайтаратын батыл жандар. «Өрт қауіпті маусымы» жариялана салысымен, өрт сөндіретін техникаларды сақадай сайлы етіп, олардың кез келген жағдайға дайындығына да жауапты осы маман иелері.

Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің биологиялық алуан түрлілігі мен генетикалық қорын табиғи жағдайда сақтап, дамуын зерттеуге арналған ерекше аумақ болғандықтан, қорығымызда бүгінде «Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімі» жемісті қызмет атқаруда. Бұл бөлімнің мамандары қорық аумағын ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізу үшін, экожүйелердің даму динамикасын, өсімдіктер мен жануарлардың алуан түрлілігін, олардың өсіп-өнуін, таралуын зерттеуде мониторингтік бақылауларды «Табиғат жылнамасы» бойынша жүргізеді. Республика есебінен қаржыланатын мекемемізде жалпы қорықтың есеп-қисабын үлкен жауапкершілікпен атқарып келе жатқан қаржы бөлімі, заңгер, кадрлар бөлімі, шаруашылық меңгерушісі бар.

2003 жылдан бері өзіне жүктелген міндетті тыңғылықты атқарып, қолға алған істерін тек жоғары нәтижемен көрсетуге тырысатын «Экология ағарту бөлімінің» қызметі жалпы халықтың экологиялық мәдениетін, Табиғат-анаға деген оң көзқарасын қалыптастыру ісінде табандылық танытып келеді. Алыс-жақын елдерден ат басын бұрған туристерді де жылы шыраймен қарсы алып, халқымызға тән қонақжайлылықпен қорығымыздың баға жетпес байлығы – өсімдіктер, жануарлар дүниесімен таныстыру да осы бөлім мамандарының үлесінде.

«Экология ағарту бөлімі» «Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімімен» бірлесе отырып, Республикалық, облыстық және жергілікті аудандық бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, түрлі тақырыпта мақалалар, жарияланымдарды жарыққа шығаруда. Жыл сайын дәстүрлі түрде «Парктер шеруі», «Таза бұлақ», «Құстарға қамқор болайық!», «Қызғалдақтар фестивалі» атты табиғатты қорғау акцияларын ұйымдастырып, өскелең ұрпақты туған өлкесінің табиғатына немқұрайды қарамауға шақырады.

Қазанның үшінші жексенбісінде орман және жануарлар дүниесін қорғап-сақтауға, молайтуға үлес қосып жүрген адамдардың кәсіби мерекесі – Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті. Жоғарыда сөз қозғаған осы сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, отбасыларына береке-бірлік, жасап жатқан игі істеріне толағай табыс тілей отырып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын дегім келеді.


Гульнур УТЕЛЬБАЕВА,
Науырзым мемлекеттік
табиғи қорығының
нұсқаушы-экскурсоводы

Реклама

Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».

Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.

Пн
Вт
Ср
Чт
Пт
Сб
Вс
31
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
1
2
3
4