Отбасы – басты құндылық

Выпуск - №35(632)   :   06.09.2024
856

2

Қостанай қаласындағы «Западный» кітапхана-филиалында Отбасы күніне орай, «Отбасы – басты құндылық» атты даңқ сәті өткізілді. Іс-шараға Тұрғынғали, Наурызбай және Досовтар отбасылары қатысты.

Мерекелік іс-шарада отбасының құндылықтары, дәстүрлері жайлы мағлұматтар айтылды. Қатысушы отбасылар әртүрлі кезеңдер бойынша ойындарға қатысып, сұрақтарға жауап берді. Балалар «Дәстүрлер» кезеңінде суретте көрсетілген дәстүрлердің өз отбасында қалай өткізілетіні жайында айтып, ойларын анық жеткізе білді.

3


Ал, «Ашық микрофон» кезеңінде қойылған сұрақтарға жауап берсе, «Менің отбасым – менің байлығым» атты кезеңде «Бақытты отбасы» тақырыбында суреттер салып, отбасы туралы мақал-мәтелдер айтып, өлең жолдарын оқып, ән салып, би билеп, жалпы жан-жақты өнерлерін көрсетті. «Біз баламызды танимыз ба?» кезеңінде ата-аналар сұрақтарға жауап беріп, «Өз балаңызды тауып алыңыз» ойынына қатысты.
Осылайша, шарапаты мол іс-шара аясында әр отбасы мүшелері «Тілек ағашына» тілектерін де жазып қалдырды. Қатысқан отбасылардың әрқайсысына кітапхана атынан сыйлықтар ұсынылды. Тағылымды жиын соңында «Отбасы – бақыт мекені» тақырыптық сөресіне шолу жасалды.

1

Айнагүл УТЕБАЕВА,
«Западный» кітапхана-
филиалының меңгерушісі,
Қостанай қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.