Парасатты жанға лайық мамандық

Выпуск - №24 (420)   :   12.06.2020
550

Кітапханашы мамандығының маңызын жеткізу мақсатында Қостанай қаласындағы «Строительный» кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен «Кітапханашы мамандығыммен мақтанамын» атты іс-шара өткізілді.

Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де кітапханадан табамыз. Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беріп, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғайтын жан – кітапханашы.

Іс-шара барысында балаларға кітапханашы мамандығы туралы түсінік, оның өмірдегі маңызы мен қажеттілігі жайлы атап өтілді. Заманауи кітапханашыдан жаңа технологиямен жұмыс істей білу, жоспарлауды, бағдарлама жасауды меңгеруі талап етіледі. Одан қалды тұрақты түрде кәсіби семинарлар өткізу, әлемдік тәжірибеге назар аударып, ақыл-ойды, сана мен парасатты терең саралаудан өткізудің маңызы да зор. Кәсіби кітапханашы дұрыс сөйлей білу, оқырманмен тілдесу мәдениетін жақсы меңгере білсе ләзім.

Оқушыларға кітапханашының ары таза, адал, инабатты, сыпайы, парасатты байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді болуы тиіс екендігі айтЫлды. Сондай-ақ ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, мамандығын шынайы сүйетін, ойын оқырмандарына анық, тұжырымды әрі дәл айтып түсіндіре білуі шарт. Осының барлығын бойына жиған маман иесі оқырмандарына беделді, ұжым арасында сылы болары хақ.

Эльмира МИРЗАЛИЕВА,
«Строительный»
кітапхана-филиалы
қызметкері,
Қостанай қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.