Республика күні – ұлттық мереке

Выпуск - №42 (539)   :   29.10.2022
861

Қазан айының 25-інде атап өтілетін Республика күні биыл жаңа мәртебеге ие болып, алғаш рет еліміздің ұлттық мерекесі ретінде атап өтілді. Мерекеге орай облысымыздың білім ошақтары тағылымға толы іс-шараларды өткізіпті.

Оқушыларға аға ұрпақтың ерлік істерін үлгі ете отырып, Отанын, елін сүюге деген патриоттық сезімдерге баулу мақсатында №27 ЖББ мектебінің 1 «Ә» сыныбында Республика күні мерекесіне арналған сынып сағаты өтіп, тарихи деректер атап өтілді.

Алғаш рет мемлекеттік мереке болып Республика күні 1995 жылы қазанда жарияланды. Бұл жарлыққа Тұңғыш Президент Н.Назарбаев қол қойған. Қазанның 25-і кездейсоқ таңдалмаған дата. Себебі 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің №307 – ХІІ жарлығымен Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын.

Сынып сағатында оқушылар жаттаған тақпақтарын айтты, ән салды, мың бұрала би билеп қана қоймай, ұлттық ойындар ойнады. Оқушылар еліміздің ұлттық мерекесі жайлы пікірлерін білдірді. Осылайша сынып сағаты көңілді әрі әсерлі өтті.


Бибігүл ЖҰМАСАЕВА,
№27 ЖББМ бастауыш
сынып мұғалімі,
Қостанай қаласы

М.Хәкімжанова атындағы Щербаков ЖББ мектебінде Республика күніне орай 1-4 сынып аралығында диктант жазу, 5-11 сынып аралығында эссе жазу жұмыстары өткізілді. Мақсаты: Республика күнінің маңыздылығын ұғындыру және Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту. 5-11 сынып аралығында өткізілген эссе жұмысының тақырыбы: «Менің арманымдағы Қазақстан» болды. Оған мектебіміздің мемлекеттік тілде және орыс тілінде оқытылатын барлық сыныптары белсенділікпен қатысты. Жақсы жазылған жұмыстар аудан орталығына жіберілді.

Жас ұрпақтың болашаққа сенімін қалыптастыру, саналы да білімді азамат болуға тәрбиелеу мақсатында 1-11 сынып аралығында тәрбие сағаттар, жиындар өткізілді. Сонымен қатар Республика күніне орай ақпараттық стендтер және кітап көрмелері ұсынылды. Көрнекті ақын, қазақ поэзиясының хас шебері Қ.Аманжолов: «Не деген бақытты едің, келер ұрпақ», – деп жырлағандай, баршамызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын.


Сымбат МИЗАМБАЕВА,
М.Хәкімжанова атындағы
Щербаков ЖББМ
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Алтынсарин ауданы

Қостанай қаласындағы «Айгерим-Ай» балабақшасында Республика күніне орай патриоттық әндерді орындаудан үздіктерді анықтау мақсатында «Отаным – бақ мекенім!» атты байқау ұйымдастырылды. Отан жайлы жүрек тебірентер әндерді шырқау арқылы балғындардың туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсаты көзделді. Балабақшамыздың 3-6 жас аралығындағы балғындарды Отанды қалай түсінетінін айтып, өлең жолдары арқылы сүйіспеншілігін жеткізе білді.

Балалардың өнеріне балабақшамыздың меңгерушісі М.Есетова, әдіскері А.Байсахалова, музыка жетекшісі Е.Попова әділ төрелік етті. Қазылар алқасы қатысушыларды бағалау барысында таңдалған өлеңнің байқау тақырыбына сәйкестігіне, балалардың орындау мәнеріне, драмалық шеберлігіне және сахнада өзін ұстау мәдениетіне көңіл аударды. Талаптар қиын емес, алайда оның бәріне сәйкес болып, шеберлікпен суырылып алға шыққан қатысушылар жеңімпаз атанып, мақтау қағаздарына ие болды.

Осылайша ән додасында үздік деп танылып, 1-орынды «Еркем-ай» тобы жеңіп алды. Ал 2-тұғырға «Ақбота» тобы тұрақтаса, жүлделі 3-орынмен «Шаңырақ» тобының өнерпаздары қанжығасын майлады. Балалардың шағырмашылығын арттыруға бағытталған осындай байқаулар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Зәмзәгүл САДИКОВА,
ЖШС «Айгерим-Ай» б/б
қазақ тілі мұғалімі,
Қостанай қаласы

Қаламыздағы №6 бөбекжай-бақшасының «Қарлығаш» тобы Республика күніне арнайы шара өткізді. Тәрбиелік іс-шара оқушыларды саналы, парасатты азамат етіп тәрбиелеу, елдің әр мерекесіне мақтанышпен қарауға баулу мақсатында ұйымдастырылды. Жиын бүлдіршіндердің патриоттық сезімін ояту үшін әнұранмен басталды. Іс-шара барысында бүлдіршіндер мерекелік күнге арналған тақпақтарын айтса, бірі ән шашуларын арнады.

Әр оқушының ой-қиялына ерік бере отырып сурет салдырсақ, өз ойын түйіндеуге әрі топпен жұмыс істеп, еліміздің рәміздерін дәріптеуге құрастырмақ ойындарын ұсындым. Ал белсенділігін арттыру мақсатында бейнероликтер көрсетілді. Балаларға жаңа тақырыпты меңгерту, есте сақтау қаблеттерін ұлғайту, ауызекі тілде сөйлеуге машықтандыру арқылы өз мақсатыма жеттім.


Жанна ӨТЕУОВА,
№6 б/б тәрбиешісі,
Қостанай қаласы

Республика күнін атап өту тұжырымдамасы аясында республика мен ұлт үшін пайдалы істерге ұлтты ұйыстыру мақсатында Арқалық политехникалық колледжінде шаралар жоспарланды. Соның бірі – «Рухы биік, арманы асқақ – Мәңгілік ел!» тақырыбында білім алушылардың қатысуымен әдеби-сазды қойылым өтті. Салтанатты шараның қадірлі қонақтары қала әкімінің орынбасары Түбекбай Ғапсалықұлы, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәнібек Ғаппасұлы, ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Маратұлы және ата-аналар комитетінің төрайымы Шынар Мұқатаевна болды.

Іс-шараның басты мақсаты – білім алушыларды Отанын сүюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу. Тағылымды шара барысында білім алушылар тарихи қойылым қойып, концерттік бағдарламамен жалғастырды. Соныңда қала әкімінің орынбасары Түбекбай Ғапсалықұлы колледж ұжымына, білім алушыларға алғысын білдіріп, Республика күнімен құттықтады.


Салтанат АХМЕТОВА,
Арқалық политехникалық
колледжі директорының
тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары

Республикасы күніне орай №54 балабақшада ата-аналардың қатысуымен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шарада «Менің отаным – Қазақстан!», «Отбасы» слайдтық презентациялар «Менің туған қалам – Қостанай!», «Астананың» көрікті жерлері бейнероликтері пайдаланылды. Патриоттық рухта балалар бар ықыластарымен, салтанатты түрде әнұранды шырқағаны ерекше қуантты.

Шарада әр бала еліне арнап өнер көрсету арқылы Отанға деген сүйіспеншілігін білдірді. Кез келген мерекедегідей ұлттық ойындар, мектепалды топ балаларымен «Киіз үй құрастыр» ойыны ойнатылды. Балалар оң нәтиже мен қуанышты көңіл-күй алды. Концерттік бағдарлама ата-аналарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


Дина БЕРДИБЕКОВА,
Акбота ОСПАНОВА,
№54 бөбекжайдың
қазақ тілі мұғалімдері,
Қостанай қаласы

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.