Рудный тау-кен технологиялық колледжінің 60 жылдық мерейтойы аясында алғаш рет тау-кен техникалық бағыты бойынша «BabySkills» және «JuniorSkills» республикалық кәсіби шеберлік байқауы ұйымдастырылды.
Думанды доданың шымылдығы «Горняк» мәдени-ойын-сауық орталығында салтанатты түрде түрілді. Еліміздің 9 аймағынан жиналған 130-дан астам үміткер мен 100-ге жуық сарапшының басын қосқан бұл жобаның ауқымы кең, маңызы терең. BabySkills – бүлдіршіндердің сан қырлы кәсіптер әлеміне жасаған алғашқы қадамы, ал JuniorSkills жасөспірімдердің болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына даңғыл жол ашатын бірегей алаң.
Іс-шараның ашылуында сөз алған ТжКБ бөлімінің басшысы Жанагүл Жумина: «Бұл байқау – қатысушылар үшін әлеуетін танытып, кәсіби шыңдарды бағындыруға жол ашатын, баға жетпес тәжірибе мектебі», – деп атап өтті.
– Биыл іргетасының қаланғанына 60 жыл толған біздің білім ордасы – өндірісті өңіріміздің басты кадр ұстаханасы. Негізгі мақсатымыз – жастар арасында жұмысшы мамандықтарының мәртебесін асқақтату. Халықаралық WorldSkills қозғалысының ажырамас бөлігі саналатын дода да JuniorSkills және BabySkills бағыттары арқылы өскелең ұрпақты ерте жастан еңбекке баулуды көздейді, – дейді Рудный тау-кен технологиялық колледжінің директоры Дина Туменбаева. Айтуынша, колледждің 15-тен астам ірі әлеуметтік серіктесі бар, соның арқасында студенттер 3-курстың өзінде өндірісте ақылы негізде тәжірибеден өтіп, тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болуда. Бұл байқау жеңімпаздары үшін де серіктес кәсіпорындар дайындаған бағалы сыйлықтар қарастырылған.
Салтанатты рәсімнен кейін «Горняк» мәдени-ойын-сауық орталығының фойесінде мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері BabySkills, Рудный тау-кен технологиялық колледжінің базасында 8–9-сынып оқушылары мен колледждің 1-курс студенттері JuniorSkills санаты бойынша жұмыс бастап кетті. BabySkills санатындағы қатысушылар токарлық және слесарлық іс, электромонтаж жұмыстары, теміржол локомотиві, пайдалы қазбаларды байыту, визуалды мерчендайзинг, тау-кен ісі және қолөнер шеберлігін көрсетті, ал JuniorSkills-те аталған құзыреттіліктермен қоса заманауи CAD инженерлік графикасы бойынша сынға түсті.
Мұнда тәжірибелі мамандар ғана емес, кеше ғана додаларда бақ сынаған студенттер де сарапшы ретінде бой көрсетті. Мәселен, «Теміржол локомотиві» құзыреттілігі бойынша ең жас сарапшы – Рудный тау-кен технологиялық колледжінің 3-курс студенті Ермек Баянбаев. Оның ұстазы және практика жетекшісі Эльвира Сафинаның айтуынша, шәкіртінің бұл қадамы – үлкен сенім мен еңбектің жемісі: «Ермек бұған дейін WorldSkills Kazakhstan ұлттық чемпионатында колледж намысын абыроймен қорғаған болатын. Сондықтан биыл оны «Еңбекті қорғау» модулі бойынша төрелік етуге жіберуді жөн көрдік», – дейді. Қарабалық ауданының тумасы тепловоз машинисінің көмекшісі ретінде өндірістік тәжірибеден өтіп жүр. Болашаққа деген асқақ ойымен бөліскен ол, таңдаған мамандығына деген сүйіспеншілігін жасырмады.
Байқауда Ақтау қаласындағы Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледждің 1-курс студенті Шарапат Кейілхан «Электромонтаждау жұмыстары» құзыреттілігі бойынша бақ сынады. «Бірінші курста мектеп бағдарламасын оқығанымызбен, жарысқа қатысатын болғасын практикалық дайындықты ерте қолға алдық. Колледж шеберханасында ұстазыммен екі ай бойы тынымсыз дайындалдық. Бұл істе ең бастысы – сабырлылық пен суыққандылық. Егер асығыстық танытсаң, бүкіл жүйе істен шығуы мүмкін», – дейді Шарапат. Ұлының алғашқы үлкен додасына қолдау көрсету үшін анасы Анар Шарланова да бірге келген. Ол баласының топтағы 28 студенттің ішінен суырылып шығып, жарысқа жолдама алғанын мақтанышпен жеткізіп, жетекшілеріне алғыс білдірді.
Іс-шараның ең сүйкімді әрі ерекше қатысушылары – BabySkills бағыты бойынша бақ сынаған балабақша бүлдіршіндері. Олардың жас ерекшелігіне қарамастан, жұмысқа деген ынта-ықыласы және кәсіпке деген қызығушылықтары көпшілікті таңғалдырмай қоймады. Мысалы, «Қолөнер» құзыреттілігі бойынша Рудный қаласындағы №15 балабақшаның бүлдіршіндері шеберліктерін көрсетті. Әдіскер Дәмдігүл Ғалымқызының айтуынша, мұндағы тәрбиеленушілер 3 жастан бастап алаша тоқуды, әшекей бұйымдар жасауды, одан қалды жүннен және фетрдан ойыншықтар жасауды үйренеді. Ал №10 бөбекжай-бақшатәрбиеленушілері 6 жасар егіздер Давид пен Тимофей нағыз шахтерлер сияқты тау-кен ісінің қыр-сырын меңгеруде.
Осылайша, жүргізілген сынақтардың нәтижесінде құзыреттіліктер бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. «BabySkills» санатындағы барлық қатысушыларға диплом, медаль және естелік сыйлықтар табысталды. Ал «JuniorSkills» санаты бойынша нәтижелер мынадай: Токарлық іс құзыреттілігі бойынша Қостанай облысы I, II және III орындарды иеленсе, Жетісу облысы III орынға ие болды. Слесарлық іс бағытында Ұлытау облысы мен Қостанай облысы – I орын, Жетісу облысы – II орын, Маңғыстау облысы III орынды иеленді. Электрмонтаж жұмыстары бойынша Атырау облысы I орынды, Қостанай облысы II және III орындарды алды. Теміржол локомотиві құзыреттілігінде Қостанай облысы I орынға, Қарағанды облысы II орынға, ал Ұлытау облысы III орынға тұрақтады. Пайдалы қазбаларды байыту бағытында Ақтөбе облысы – I орын, Қарағанды облысы – II орын, Қостанай облысы III орынды иеленді. Тау-кен ісі құзыреттілігінде Қостанай облысы I және III орындарды, ал Ақтөбе облысы II орынды алды. CAD инженерлік графикасы бағыты бойынша Алматы қаласы – I орын, Маңғыстау облысы – II орын, Қарағанды облысы – III орынға ие болды.
QR-кодты сканерлеп, бейнематериалды тамашалаңыз
Осылайша, аталмыш байқау кәсіби дағдыларды көрсету және білім алушыларға ерте кәсіптік бағдар беру жолындағы маңызды алаңға айналып, балалар мен жастардың тау-кен-техникалық бейініндегі жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын дәлелдеді.
Жамал ШАУКЕН,
Суретті түсірген автор
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.