Рухани-адамгершілік білім беру

Выпуск - №15 (462)   :   16.04.2021
390

Науырзым аудандық білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес «Балапан» бөбекжай-бақшасы педагогтерінің ұйымдастыруымен рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасына қатысты аудандық деңгейде дөңгелек үстел өтті.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын тұтас педагогикалық үдеріске интеграциялаудың маңыздылығы» тақырыбындағы аудандық дөңгелек үстелге аудандық білім бөлімінің «Өзін-өзі тану» пәніне жауапты әдіскерлері мен мұғалімдері және «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша пилоттық ұйымдарының оқытушылары қатысты. Іс-шараның мақсаты – тәрбие жұмысының тиімділігін қамтамасыз ететін білім берудің рухани-адамгершілік әлеуетін күшейтуге мүмкіндік жасау.



Дөңгелек үстелдің тәжірибелік бөлімінде «Балапан» бөбекжай-бақшасының тәлімгер-тәрбиешісі Алма Ораққызы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы негізінде тәрбие жүйесін дамытуы бойынша басқару жұмысын жоспарлау» тақырыбында баяндама жасады. Ал мен мектепке дейінгі ұйым әдіскері ретінде «Ішкі үйлесімділік – адамның рухани дамуының шарты» тақырыбында топпен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдерін үлкен шеберлікпен көрсетіп, өз тәжірибеммен бөлістім.



Жоғарыда атап өткен «Балапан» бөбекжай-балабақша ұжымына және балабақша меңгерушісі Г.Стамкуловаға «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», ауызбіршілік пен ынтымақтың арқасында аудандық дөңгелек үстелді жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіре отырып, еңбектеріңіз жана берсін деп тілеймін.


Қанымкүл ВАЛИЕВА,
Білім беру бөлімінің мектепке
дейінгі ұйым әдіскері,
Науырзым ауданы

 

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.