Тілдер мерекесі қарсаңында Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен тілдерді оқыту орталығы бірлесіп, 20-22 тамыз аралығында ауқымды іс-шаралар бағдарламасын ұйымдастырды.
Алғашқы күні Біртұтас қазақстандық идеология шеңберінде «Келісім – достық кепілі» фестивалі өтті. Оған 6-12 жас аралығындағы өнерпаздар қатысып, өз бақтарын сынады. Өнер сайысы тартысты өтіп, нағыз таланттар анықталды. Қатысушылардың бәріне Алғыс хаттар, ал жүлделі орын иелеріне грамоталар мен ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.
Екінші күні «Тіл – әр халықтың байлығы» атты форум жалғасын тапты. Форумға облыстық Мәдениет басқармасының мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы К.Бимағанбетов, Қостанай ауданына қарасты Тобыл қаласындағы мектеп-гимназияның қазақ тілі пәнінің мұғалімі, Ассамблея жастары РҚБ мүшесі Е.Гудзур, Рудный қаласындағы Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназия басшысының орынбасары А.Жұмабаева және басқа да қонақтар қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар мемлекеттік тілді дамыту мен өркендетуге, оны кеңінен насихаттауға зор үлес қосып жүрген азаматтар Қостанай облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен Б.Майлин ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Алғыс хаттарымен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Ал бағдарламаның қорытындысында «Мемлекеттік тілді оқытудың озық тәжірибелері» атты аймақтық семинар ұйымдастырылды. Ауқымды іс-шарада спикер ретінде шақырылған қонақтар тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қостанай облысы бойынша КДИ кафедра меңгерушісі, гуманитарлық ғылымдар магистрі, тренер, педагог-зерттеуші, халықаралық эксперт Ғалия Жүсіпова «Тіл үйретудегі тренингтік оқыту» атты тренинг, Сарыкөл ауданындағы Урицк мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Өміртай Есбол «Идея – нәтиже – дағды» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Ал Рудный қалалық тілдерді оқыту орталығының басшысы Жанат Досубаева «Қазақ тілі сабағында заманауи технологияларды тиімді пайдалану» тақырыбында баяндама жасады.
Семинарға қалалық және аудандық тілдерді оқыту орталықтарының басшылары, әдіскерлер, мемлекеттік тіл оқытушылары, сондай-ақ жергілікті мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Мәселен, Лисаков қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді оқыту орталығының қазақ тілі оқытушысы Анна Янчук «Азық-түлік» тақырыбын жаттықтыру мақсатында Umaigra және Wordwall платформаларын қолданудың әдісін көрсетті. Рудный қалалық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Жұлдызай Саттарова «Ересектерге мемлекеттік тілді меңгерту әдістері» тақырыбында, «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Сайран Нұржанова «Жеңіл әрі нәтижелі: Қазақ тілін меңгертудің оңай жолдары» тақырыбында, ал Б.Майлин ауданы тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Жанибек Нағашыбаев «Қазақ тілін үйретудегі жасанды интеллекттің маңызы» тақырыбында тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға қатысушыларға сертификаттар табыс етіліп, тәжірибе көрсеткен оқытушыларға Алғыс хаттар берілді.
Тілдер күні – барша қазақстандықтардың ортақ мерекесі. Бұл күн – ұлт пен ұлысқа бөлінбей, бір тудың астында өмір сүріп жатқан халықтың татулығын, достығын, бірлігін айғақтайды. Әр азамат өз ана тілін ардақтай отырып, мемлекеттік тілге де құрметпен қарауы қажет. Сонда ғана Қазақстан болашағы жарқын, ынтымағы жарасқан ел болып қала береді.
Б.Майлин ауданы
әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.