Рухани мұраны ұлықтаған форум

Выпуск - №16(664)   :   25.04.2025
734

1

Рудный қалалық тілдерді оқыту орталығы мен А.Байтұрсынұлы атындағы ЖББМ ұйымдастыруымен ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Ахметтің өшпес өнегесі» атты облыстық форум өтті.

Аталған форум – «Байтұрсынұлы әлемі» мектепішілік жобасының аясында жүзеге асырылып жатқан игі бастамалардың жалғасы. Жоба шеңберінде оқушылар арасында «Әдебиеттегі Ахмет қолтаңбасы» атты көркем сөз оқу және ғылыми-зерттеу байқаулары, сондай-ақ «Қырық мысал» жинағындағы аудармалар негізінде қойылған театрландырылған қойылымдар ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Жас ұрпаққа өнеге» тақырыбындағы көшпелі көрме қала мектептерін аралады. Осы бастамалар жас буынның Ахаң мұрасын тереңірек тануына, ұлттық руханиятқа жақындауына зор ықпал етті.
Форумның ресми бөлімі – пленарлық отырыста Рудный қаласы білім бөлімінің басшысы Т.Жайлыбаев құттықтау сөз сөйлеп, іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Форум аясында белгілі ахметтанушы, ұстаз әрі журналист И.Ағытаев «Ахаң жүрген жолдармен...», ақын, жазушы, драматург А.Шаяхмет «Ұлт ұйтқысы – Ахмет» және филология ғылымдарының докторы, профессор А.Әбсадық «А.Байтұрсынұлының ұстаздық жолы: Меңдіғара – Қостанай кезеңі» атты мазмұнды баяндамаларымен қатысушыларды терең ойға жетеледі.
Ал қалалық тілдерді оқыту орталығының басшысы Ж.Досубаева «Ахмет Байтұрсынұлының оқыту әдістері: дәстүр мен жаңашылдық» атты баяндамасында ұлт ұстазының әдістемелік мұрасына жаңаша көзқараспен баға берді. Секциялық отырыстарда қала мектептерінен келген қазақ тілі мен әдебиеті, тарих және орыс тілі пәнінің мұғалімдері Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын оқу үрдісіне енгізу бойынша өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. «Ахмет Байтұрсынұлының әдеби мұрасы және оны оқыту әдістемесі», «Ахмет Байтұрсынұлының қоғамдық қызметі», «Ахмет Байтұрсынұлы аудармаларының идеясы» секілді бағыттар бойынша өзекті ойлар айтылып, кәсіби пікір алмасу алаңына айналды.
Форум соңында үздік баяндамалар мен жобалар жүлделі І, ІІ және ІІІ орындармен марапатталып, жеңімпаздарға дипломдар мен естелік статуэткалар табыс етілді. Барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар ұсынылды. Облыстық форумға тілдерді оқыту орталықтарының мамандары, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері мен БАҚ өкілдері қатысты. «Ахметтің өшпес өнегесі» атты тағылымды іс-шара – Алаш арысының рухани мұрасын ұлықтап, жас ұрпақтың тарихи танымын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Г.Ибжар
А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы
білім беретін мектеп директорының
ғылыми-әдістемелік ісі
жөніндегі орынбасары,
Рудный қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.