Ағартушы, ұлт ұстазы, қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына орай Қостанай аудандық тілдерді оқыту орталығы «Сан сырлы саңлақ дарын » атты мәнерлеп оқу сайысын өткізді.

«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс», – деді Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында. Тәуелсіздіктің маңыздылығын, сол: ХХ ғасырда Алаш зиялылары мақсат еткен тәуелсіз мемлекет моделін барлығымызға айқындап, ұлттық сананы жаңғыртудың тағы бір кезегі келгенін анық көрсетіп берді.
Ахмет Байтұрсынұлы «Сегіз қырлы, бір сырлы» деген теңеуге әдбен лайық жанның бірі. Ұлтымыздың біртуар азаматы, өз халқының айнасы болған ұлы қоғам қайраткері, ақын, ұстаз, ағартушы ғалым Ахаңның шығармашылығын насихаттау және өлеңдерін мәнерлеп оқуды көздеген байқау жастар арасында ұйымдастырылды.
«Күніне бір өлең оқыған адам – ақын, айына бір өлең оқыған адам – адам» депті бір данышпан. Бәрімізге бірдей ақын болу міндет болмағанымен, адам болу – парыз. Жастардың сахнада өнер көрсетіп, Ахмет өлеңдерін мәнерлеп оқығандары әділ қазылар алқасы мен көрермендердің көңілінен шықты. Ахмет Байтұрсынұлының «Анама хат» өлеңін оқыған Әйгерім Манабай ақынның жүрегіне түскен жараның азаматтық, адамдық дертке ұласуын көрерменге жеткізе білді.
Ұлт ұстазының өлеңдерінің әрбір жолы келешек заманымызда да гауһардай жарқырап, көзі ашық, көкірегі нұрлы жастарға сәуле болып құйыла берсін деген ниетпен сайыс мәресіне жетті. Ұрпақ тәрбиесіндегі ұлы жол, тарих беттерін парақтап, Ахмет Байтұрсынұлы сынды тұлғалардан үлгі алу – елдігімізді нығайтудың өткір белгісі екенін сөзсіз.
Күміс КАКИМЖАНОВА,
Надеждин ЖББМ
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Қостанай ауданы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.