Мемлекеттік тілдегі кітапханада «Кездесу» клубының мүшелері, «Алтын домбыра» студиясының өнерпаздары және №8 «Келешек» мектебінің 6 «Ә» сынып оқушыларының қатысуымен «Наурыз – ұлттық өнердің жаңғыруы» атты мерекелік кеш өтті.
Биылғы Наурызнама онкүндігінің маңызды белесі – «Шаңырақ күніне» орайластырылған бұл іс-шара отбасылық құндылықтарды нығайту мен ұлттық бірлікті дәріптеуді мақсат етті. Кеш барысында кітапханашы қатысушыларға бұл күннің мазмұны туралы тағылымды мағлұматтар берді. Жиынның «Ұлттық қолөнер – ұлт қазынасы» айдары аясында республикалық «Хас шебер» қауымдастығының мүшесі, Қазақстандық КИнЭС рекордтар кітабына енген құрақшы Гүлнұр Ералиева арнайы шеберлік сағатын жүргізді. Тәжірибелі қолөнерші құрақ құрау өнерінің қыр-сырын ашып, әрбір ою мен өрнектің астарында жатқан философиялық мағынаны оқушыларға түсіндіріп өтті.
Мереке аясында «Асық ату», «Сақина салмақ» және «Жүзік салу» секілді төл ойындарымыз ойнатылып, жастардың ептілігі сыналса, «Кім көп біледі?» айдарымен өткен мақал-мәтелдер сайысы олардың білім көкжиегін кеңейтті. Кештің тағы бір ерекшелігі – ұлттық руханиятты жаңғырту жолында заманауи технологиялардың ұтымды пайдаланылуы. ChatGPT және Grok секілді ЖИ көмегімен әзірленген танымдық бейнероликтер көрерменге жол тартып, цифрлық шешімдердің дәстүрмен сабақтастығын көрсете білді. Ал «Алтын домбыра» студиясының жас дарындары мен «Кездесу» клубының мүшелері күмбірлеген күй мен әсем әннен шашу шашып, кештің шырайын келтірді.
Арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесі арқылы оқырмандарға ұлттық мұраға қатысты құнды әдебиеттер таныстырылды. Іс-шара аясында жергілікті ақын Балғара Жәлел өзінің жүрекжарды арнауын оқып, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Салтанатты жиын соңында Гүлнұр Владимировнаға ризашылық білдіріліп, Алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етілді. Қазақы жолмен жайылған ақ дастархан басында қонақтарға Наурыз көже мен ұлттық тағамдар ұсынылып, ауыл ақсақалдарының ақ батасымен іс-шара қорытындыланды.
Жаңагүл УРГЕНІШБАЕВА,
Мемлекеттік тілдегі кітапхананың кітапханашысы,
Рудный қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.