Елімізде 2007 жылдан бастап, жыл сайын «Бір ел – бір кітап» акциясы өткізіледі. Үстіміздегі 2023 жыл халық жазушысы, белгілі драматург, қазақ прозасында өзінің ерекше қолтаңбасы бар жерлесіміз Төлен Әбдіковтың шығармашылығына арналған.

Осы орайда «Южный» кітапхана-филиалында қабырғалы қаламгердің шығармашылығына арналған «Төлен Әбдіков – қазіргі қазақ прозасаның шебері» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің 2-курс студенттері және А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің тілдер мен әдебиет теориясы кафедрасының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, профессор К.Мырзағалиева, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы К.Сегізбаева қатысты.
Шара қонақтары Т.Әбдіков шығармаларының тақырыбының өзектілігі мен маңыздылығына назар аударды. Негізгі талқыланған мәселе – Төлен Әбдіковтың қазіргі заманның өзекті мәселелерінің біріне арналған әйгілі «Оң қол» әңгімесін талқылау болды. Дөңгелек үстел барысында студенттер И.Артықбай және А.Мұратқызы «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт» және «Оң қол» әңгімелері бойынша пікірлерімен бөлісті, қалған қатысушылар да талқыланып жатқан мәселе бойынша көзқарастарын білдіріп, бір-бірінің ұстанымдарын нақтылауға мүмкіндік алды.
Талқылау барысында студенттер өте маңызды дағдыға – жеке көзқарасын тұжырымдап, оны басқаларға жеткізе білуге үйренді. Іс-шара сонында белгілі прозашының шығармалары бойынша ұйымдастырылған «Дарындылар арасындағы дара талант» кітап көрмесі ұсынылып, жиналғандарға кеңінен таныстырылды.
Салтанат ИСКАКОВА,
«Южный» кітапхана-
филиалының қызметкері,
Қостанай қаласы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.