Шұбар допты шиірген волейболшылар

Выпуск - №5(653)   :   07.02.2025
642

1

Қаңтар айының соңында Озерный ауылында волейболдан ауыл әкімінің кубогы өтті. Айтулы спорт додасының ашылу салтанатында Мәскеу ауылдық округінің әкімі Адильхан Муканов барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

Іс-шарада Адильхан Бағдатұлы мұндай спорттық бәсекелердің денсаулыққа пайдасынан бөлек табандылыққа үйретіп, ерік-жігерді шыңдай түсетінін тілге тиек етті. Ауылымызда алғаш рет ұйымдастырылып отырған жолдастық кездесу жоғары деңгейде өтті. Озерный ауылының әкімі Азат Бермухамедов өз командасында өнер көрсетті. «Волейбол – негізі қиын ойын. Бірақ, өте қызықты. Бұл спорт түрі жаныма жақын болғандықтан, волейбол ойнағанды ұнатамын. Жарысқа ауыл жастарымен келдім. Волейбол ойнағанымда өзімді еркін сезінемін», – деп ағынан жарылды Азат Утигенович.
Жарысқа 8 команда қатысты. Майкөл, Озерный, Шишкин, Успеновка (Федоров ауданы), Воронеж (Федоров ауданы), Мәскеу ауылдық округтері қатысты. Жергілікті Мәскеу ауылдық округінің атынан «Жастар» және «Жеңіс» атты екі команда бақ сынады. Шұбар допты шиірген волейболшылардың әр ойыны тартысты өтті. Нәтижесінде жүлделі бірінші орынды – Озерный ауылдық округі иеленсе, Успенов ауылдық округі екінші орынды, Мәскеу ауылдық округінің командалары үшінші орынды қанжығасына байлады. Успенов ауылынан келген Жарқынбек Волия «Үздік шабуылшы», Озерный ауылынан Тимур Айсин «Үздік ойыншы», ал Мәскеу ауылынан қатысқан Александра Сулейманова «Үздік қорғанушы» атанды.
Ауыл баласы көбіне спорт түрлеріне жақын өседі. Әсіресе, оқушылардың дене шынықтыру пәніне деген қызығушылығы басым екенін байқау қиын емес. Спорт десе, балалар ішкен асын жерге қояды. Біраз жылдан бері Озерный негізгі орта мектебінде жұмыс істеп келемін. Қазіргі таңда мектеп спортын ғана емес, ауыл спортын дамытуды да қолға алып жатырмыз. Жоспар бойынша жұмыстар нәтижесін бере бастағандай.
– Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері бірігіп, оқушылардың командалық ойындарға баса назар аударуын қамтамасыз етіп отырмыз. Әрине, жекелей шеберлік те шет қалмайды. Бүгінде спорт үйірмелері тұрақты жұмыс істейді. Мектепте өзіммен бірге оқушым Мейрамбек Еламан жұмыс істейді. «Алыптар ауылдан шығады» деген бар. Шынында, ауыл және жасөспірімдер спортын дамыту – өте маңызды. Бұл жұмыстар жалғаса беретініне сенімдіміз, – дейді дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Асхат Серікұлы.
Осылайша, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Асхат Серікұлы мен Мейрамбек Еламанның бастауымен ұйымдастырылған тартысқа толы волейбол сайысы мәресіне де жетті. Ойын соңында сөз алған ауыл әкімі Адильхан Бағдатұлы Мәскеу ауылық округінің спорт әдіскері, тәжірибелі маман Асхат Серікұлына алғыс білдіріп, жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, «Осындай спортқа арналған көлемді іс-шаралар жарасымды жалғасын таба берсін!», – деген ақжарма тілегін жеткізді. Оқ бойы оза шауып, орын алған командалармен қатар барлық спорт сүйер қауымның көңілі бір сергіп қалды.

Жумабике НУРСЕИТОВА,
Озерный негізгі орта
мектебінің директоры,
Қостанай ауданы

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

2 дня назад в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

2 дня назад в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

2 дня назад в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

2 дня назад в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.