ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына білім саласына үлес қосқан ардақты ұстаздарды еске алу, құрмет көрсету мақсатында Қостанай педагогикалық колледжінің скаут ұжымы Қостанай өңіріндегі ұстаздардың ескерткіш тақталарына саяхат жасады.

Скаут ұжымының жетекшісі Шагатаева Зауреш Жараспаевна ауа райының суығына қарамастан, бұл саяхатты есте қаларлықтай ұйымдастырды. Болашақ бастауыш білім беру және ағылшын тілінің мұғалімдері ретінде біз үшін бұл саяхат өте ерекше болды. Әр студент ұлы ұстаздардың өмірімен танысып, ескерткіш тақталарды зерттеді. Олардың ішінде: Шоқан Уәлиханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Ғалихан Жантөрин, Зұлқарнай Алдамжар, Ғыждуан Қасымов, Нұрқан Жиентаев, Генрих Шек. Бұл тұлғалар білім саласында, ұстаздық жолдарында көп еңбек етіп, білім беруде бар күш-жігерлерін салған, өшпес із қалдырған ұлы тұлғалар.
Зиялылардың өмірімен танысу арқылы мамандығымызды дұрыс таңдағанымызға көзіміз жетті. Осы өткен саяхат барысында скаут ұжымы тек ұстаздарды, олардың өмірлері, жетістіктерімен танысып қана қоймай, саламатты өмір салтын ұстана отырып, «Скандинавиялық серуендеу» спорттық түрін скандинавиялық таяқшалар арқылы жүзеге асырды. Біз, скаут ұжымы білім саласында өшпес із қалдырған тұлғаларды еске ала отырып, спорттың белсенді түрін де жүзеге асырып, қоғамдағы адамдарға жақсы істерді дәріптей алдық деп сенеміз.
Скаут ұжымының қатысушысы Дархан Сатубалдинов: «Ұлы ұстаздары оқып-үйрену өте маңызды, себебі тарих жеке азаматтың өмірін саналы етеді. Егер адам өз елінің өткенін, ұлы адамдардың өмірі жайлы білмесе, еліміздің жарқын болашағын дамыта алмайды. Біздің болашақ мамандығымыз – ұстаздар, сондықтан өзіміздің ізашарларымыздың өмірбаяндарын, жетістіктерін, шығармаларын білуіміз өте маңызды. Өйткені, біз олардың жолын, қызметін жалғастырушылармыз және олар берген «эстафетаны» өзімізге қабыл алып, болашақ ұрпаққа жеткізушілерміз», – деп пікірімен бөлісті.
Мейлі сіз ғалым болыңыз, жұлдыз, тіпті беделді азамат, президент болып кетсеңіз де, сізді осы өмірге жетелеген, осы шыңға жетуге себепші болған ұстазды ұмытуға қақыңыз жоқ. Оның еңбегін сыйлау, оған құрмет көрсету – сол адамға деген сый-сияпат емес, сіздің тәрбиелі, тәлімді тұлға болғаныңыз. «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан», – деп хәкім Абай айтпақшы, бастаған ісіміз нәтижелі болып жатса, оның артында ұстаздың бір тамшы болса да еңбегі барын есте сақтай отырып, білім саласына өлшеусіз үлес қосқан жандарды құрметпен еске аламыз.
Жаңылдық ЖҰМАБЕК,
Асем ТАЖИЕВА,
Қостанай педагогикалық
колледжінің М-21 тобының
студенттері, скаут
ұжымының мүшелері
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.