Қостанай қаласындағы «Жастар сарайында» Қазақстандағы Ұлттық кітап күнін мерекелеу аясында жарқын әрі шынайы шабыттандыратын шығармашылыққа толы іс-шара – «Сөз құдіреті» облыстық мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Байқау Ыбырай Алтынсарин атындағы Республикалық балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік шығармалар байқауының негізінде ұйымдастырылды. Онда аудандық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары – 21 талантты финалист бір сахнада бас қосты. Байқауға қатысушылар қазақстандық авторлардың балалар мен жасөспірімдерге арналған прозалық шығармаларынан үзінділерді жатқа оқыды. Сондай-ақ олар «Таза бұлақ» жинақтарына енген қазіргі қазақстандық авторлардың шығармаларынан үзінділер ұсынғанын айта кетейік. Әдебиетті жанына серік еткен балалардың орындауындағы бұл мәтіндер шынайылығымен, терең мазмұнымен және көркемдік нақышымен ерекшеленді.
Сөз бен кітап мерекесіне 150-ден астам қонақ жиналды, олардың қатырнда: зиялы қауым өкілдері, кітапханашылар қауымы, мұғалімдер, студенттер мен мектеп оқушылары. Ерекшелігі де сонда: тағылымды мереке барлығын – кітап жасайтын, оқытатын және оқитындарды біріктірді. Аталмыш іс-шараның басты мақсаты – әдебиетке деген сүйіспеншілікті арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және жас буынның рухани дүниесіне бай кітаптарды ұсыну.
Байқаудың нәтижесінде үздіктер анықталып, марапатталды. Сахнаға көтерілген жеңімпаздар өз еңбектерінің лайықты нәтижесін алды: 1-орынға Қарабалық ауданынан келген Даяна Ертанова, 2-орынға Қостанай ауданынан келген Назым Баймурзина, ал 3-орынға Қостанай қаласының тұрғыны Даниил Комаров лайық деп танылды. Арнайы номинациялар бойынша да жеңімпаздар анықталды: «Мұра» номинациясына Сезім Төлеген (Жангелдин ауданы), «Өнертану» номинациясына Аружан Егінсаева (Қостанай қаласы), «Жарқын сахналық бейне» номинациясына Элина Ширенина (Сарыкөл ауданы), «Қазақ тіліндегі үздік шығармашылық эссе» номинациясына Анель Назекеева (Меңдіқара ауданы), «Орыс тіліндегі үздік шығармашылық эссе» номинациясына Данияр Құрмантаев (Лисаковск қаласы) ие болды.
Байқау барысында жас таланттар тек өздерінің шығармашылық қабілеттерін ғана емес, қазақ әдебиетіне деген сүйіспеншіліктерін де көрсете білді. Қатысушылардың әр орындауы – ұлттық рухты ұлықтау мен жас ұрпаққа әдебиеттің маңызын жеткізуге бағытталған маңызды қадам болды.
Гүлім БАТЫР,
Әділет НҰРАБАЕВ
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.