Сырласың да, мұңдасың да болар «Досым»

Выпуск - №19(715)   :   15.05.2026
1111

фото Досым (1)

Қазіргі алмалы-төкпелі заманда жастардың жан саулығы – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Осы бағытта Психологиялық қолдау мен тәрбие жұмысының өңірлік оқу-әдістемелік орталығы «Досым» атты жаңа анонимді Telegram-чат ботын іске қосты.

Жастардың мұң-мұқтажына құлақ түріп, қиын сәтте демеу болуды көздейтін жоба заманауи мүмкіндіктер мен кәсіби психологиялық көмекті тиімді ұштастыра білген. Ол студенттер мен оқушылар үшін тәулік бойы қолжетімді мәтіндік чат пен мамандарға жағдайды нақты уақыт режимінде бақылап, талдау жасауға мүмкіндік беретін интерактивті аналитикалық панельмен қамтамасыз етілген. Жүйенің толықтай анонимді екенін айрықша атап өткен жөн. Яғни, баланың жеке деректері, ұялы телефон нөмірі мен геолокациясына қол сұғылмайды, тек өз еркімен баяндаған мәселесі ғана назарға алынады. Бұл формат жасөспірімдерге іштегі сырын еш бүкпесіз айтуға, мектептегі буллингтен бастап, емтихан алдындағы стреске, тіпті отбасылық кикілжіңдерге дейінгі өзекті түйткілдерді ашық бөлісуге мүмкіндік береді. Оқушы мәселенің санатын таңдаған сәтте-ақ жүйе оны WhatsApp желісі арқылы Орталықтың кезекші психологымен тікелей байланыстырып, қауіпсіз әрі кәсіби кеңістікте сөйлесуге жағдай жасайды.

фото Досым (3)


– Бұл жоба Прокуратура мен Білім басқармасының тапсырмасы бойынша балаларға үздіксіз, тәулік бойы көмек көрсету мақсатында біздің Орталық тарапынан арнайы әзірленді. Әрине, жас буынның сұранысы мен қалауын ескере отырып, оларға ең жақын әрі ыңғайлы форматты таңдадық. Бала кез келген уақытта тегін әрі анонимді түрде өзін мазалаған сұрақты таңдап, сол сәтте психологпен байланысады. Яғни, экранның арғы жағында кәсіби маман отырып, толыққанды кеңес береді. Жоба іске қосылған алғашқы күннің өзінде 250-ден астам бала көмекке жүгінді, – дейді Орталық директоры Елена Петренко.
Игілікті бастаманы насихаттау мақсатында жақында өңіріміздегі әрбір білім ордасын қамтыған ауқымды ақпараттық науқан жүргізілді. Аталмыш жұмысқа белсенді жастардың да жұмылдырылуы жобаның «тең-теңімен» принципі негізінде іске асуына жол ашты. Психологтар мен еріктілер әр сынып пен топқа кіріп, жасөспірімдерге көмек алудың жолдарын түсіндіріп, арнайы QR-коды бар жадынамаларды таратты. Енді әрбір білім беру ұйымының дәліздері мен ақпараттық стендтерінде цифрлық көмекші туралы нұсқаулықтар мен буклеттер орналастырылған.

фото Досым (2)


«Досым» жобасы – әрбір баланың дауысы естілетін, оның қауіпсіздігі мен жан тыныштығы басты орынға қойылатын мекен. Психологтар әрбір өтінішті мұқият саралап, жағдайдың күрделілігіне қарай тиісті шаралар қолданады. Ал Психологиялық қолдау мен тәрбие жұмысының өңірлік оқу-әдістемелік орталығы түскен деректерді тұрақты түрде талдап, жастар арасындағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту бағытындағы жұмыстарын жалғастыра бермек. Цифрлық әлемдегі «Досым» әрбір оқушының сенімді тірегіне айналмақ.

Жамал ШАУКЕН

Реклама

Благодаря профессионализму коллектива редакции и пониманию важности наших тем мы, педагоги, можем представить широкой аудитории региона самые актуальные материалы о своей работе, о достижениях коллег и успехах учащихся. Я считаю, что газета «Учительская плюс» играет ключевую роль в поддержке профессионального сообщества, в развитии образования Костанайской области. И горжусь тем, что могу внести свой вклад в это дело вместе с газетой.

«У страны с сильной прессой – большое будущее», – сказал Мыржакып Дулатов. Действительно, роль СМИ на пути роста сильного общества велика. С каждым годом становится всё больше и больше грамотных читателей со своим видением и потребностями. И это радует. Издание «Учительская плюс», вестник сферы образования нашего региона, заряжает педагогов творческим вдохновением. На протяжении нескольких лет в этой газете публиковались мои статьи, написанные с целью популяризации имён и достижений талантливых учителей и студентов Рудненского социально-гуманитарного колледжа им. И.Алтынсарина. В последние годы я начала писать небольшие произведения. И именно «Учительская плюс» впервые представила мои рассказы. Для меня это издание занимает особое место. Верю, что и в дальнейшем газета «Учительская плюс» со сформированной читательской средой продолжит процесс духовной поддержки творческих и талантливых педагогов.