Балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында Рудный қаласындағы Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясында оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында облыстық «Жасыл планета-2023» экологиялық форумы өтті.
.jpg)
.jpg)

Елімізде ғана емес, бүкіл әлемде қоршаған ортаны қорғау мәселесінің өзектілігі жоғары. Осы жағдайға қатысты табиғатқа қамқорлық, айналаны жасылдандыру бағытындағы түрлі ауқымды шаралар, акциялар мен форумдар жүзеге асырылып келеді. Соның бірі – табиғатты қорғау жолында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетен облыстық экофорум. Облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру әдістемелік кабинетінің қолдауымен біртұтас экологиялық кеңістік құру, үздіксіз экологиялық білім беруді жүзеге асыру, білім алуына жағдай жасау мақсатында өтіп жатқан форумның жастарға берер тағылымы мол екені анық.




Іс-шара бірнеше кезеңнен тұрды. Ең әуелі сайыс қатысушылары өз командаларын таныстырып, содан кейін көрермен назарына өлкелеріндегі экологиялық проблеманы паш ететін бейнероликті ұсынды. Форумның екінші кезеңінде қалдықтарды өзгеше түрде кәдеге жаратумен байланысты сән үлгісі ұйымдастырылды. Онда командалар экологиялық мәселелерді шешуге барынша күш-жігерін сарп еткені байқалады. Шағын концерт форумға мерекелік көңіл-күй сыйлады, одан кейін іс-шараның барлық қатысушылары барлық материалдар қайта өңделген материалдан жасалған көрме аймақтарын аралады. Стандартты емес нысандағы байқау, атап айтқанда, «экологиялық станцияларға» театрландырылған элементтері бар қызықты экскурсия мектеп оқушыларын қызықты саяхат атмосферасы мен мерекелік көңіл-күйге бөледі.
Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік практикалық модуль аясында мұғалімдер жеке тұлғаның үйлесімді дамуына ықпал ететін экологиялық білім мен мәдениетті оқу-тәрбие процесіне кіріктіруде құнды тәжірибе жинақтады деп айта аламын. Мектеп командаларының сайыс сынақтарының қорытындысы бойынша жеңімпаздар да анықталды. Қостанай ауданындағы Алтынсарин ЖББ мектебі – I дәрежелі, Лисаков қаласындағы мектеп-гимназия – ІІ дәрежелі, Жангелдин ауданындағы Ш.Уәлиханов атындағы Торғай ЖББ мектебі – III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Ал қалған командалар арнайы номинацияларға ие болды.
Экологиялық білім берудегі сабақтастықты қамтамасыз ету және білім беру тәжірибесін жетілдіру үшін облыстың білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы ынтымақтастықты дамытуға жағдай жасайтын форумның ғұмыры баянды болсын дегім келеді. Табиғатқа қамқорлық – өзіміздің болашағымызға жасалған қамқорлық екенін ұмытпайық.
Қымбат БІРМАНОВА,
№19 ЖББМ директоры,
Рудный қаласы
Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!