Тағылымға толы тартысты квест

Выпуск - №28-29 (525-526)   :   16.08.2022
831

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Рудный қалалық филиалы Қалалық тілдерді оқыту орталығымен бірлесе А.Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен Абай күні аясында қазақ тілді емес мектептердің ұстаздары мен оқушылары арасында квест ойынын өткізді.

Мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн көтеру, оны үйренуге деген жастардың қызығушылығын арттыру мақсатындағы квест ойынының тәрбиелік мәні: патриоттық сезімді тәрбиелеу, қазақ жазушыларының, ағартушыларының шығармашылығын насихаттау; ұйымшылдық сезімін дамыту. Салтанатты іс-шараны тілдерді оқыту орталығының басшысы Жанна Джамбурчина жоспарымен таныстырып, барлық қауымды белсенді қатысуға шақырды. Тамыздың 10-ында аталып өтілетін Абай күні – Қазақстан Республикасының мерекелік күнтізбесіне енген күн. Іс-шараның ашылуында «Қазақ тілі» қоғамының Рудный қалалық филиалының төрайымы Қымбат Бірманова қатысушыларды Абай күнімен құттықтап, сәттілік тіледі.

Ойын барысында қатысушылар «Қазақтың бас ақыны», «Ұлт ұстазы Ахмет», «Қазақшаңыз қалай?», «Саналы ұрпақ» және «Руханият» атты тақырыптық аялдамалардан өтті. Әр аялдамада кездескен тапсырмалар жазушылардың өмірбаяны мен шығармашылығына, қазақ тілінің грамматикасына, қазақтың салт-дәстүрлеріне қатысты және ребус, сөзжұмбақтар шешу сияқты қызықты тапсырламалардан тұрды. Ойыншылар тілге қызығушылықтарын білдіріп, үлкен ықыласпен, белсене қатысты. Қазақ тілі пәнінен алған білімдерін ортаға сала отырып, сынға түсті. Өзара жауаптарын талқылап, дұрыс шешімге келу үшін уақыт та берілді.

Ойын барысында топ мүшелері жазушылардың өмір жолы мен ағартушылардың шығармалары, нақыл сөздері мен афоризмдер туралы мәлімет жинақтап, жақын танысты. Сонымен қатар Рудный қаласының тарихы мен жаңалықтарынан хабардар болды. Жалпы квест ойыны жоғары деңгейде өткізіліп, қатысқан ұстаздар мен оқушылар қазақ тілін жақсы менгергендерін көрсете білді. №3 мектептің 8-сынып оқушысы Даниил Гордеев Абайдың «Қырық мысал» аудармасынан «Қарға мен түлкі» мысалын нақышына келтіріп, жатқа оқып берді. Анастасия Дюмина №17, Надежда Гроздова №21 гимназия бастауыш сынып мұғалімдері, Екатерина Носенко №13 мектептің ағылшын тілі мұғалімі және Екатерина Селенина сұрақтарға толық жауап берді.

Ауқымды іс-шарамызды тілдерді оқыту орталығының басшысы Жанна Джамбурчина марапаттау рәсімімен аяқтады. Квест ойынның нәтижесінде жүлделі 1-орынға №5 мектеп-гимназиясының «Болашақ» командасы, 2-орынға №2 мектеп-гимназиясының «Білгірлер» командасы, ал 3-орынға №1 мектептің «Лидер» командасы ие болды. Сондай-ақ, ойын барысында өздерінің терең білімдерімен, шапшаңдығымен №21 мектеп-гимназиясының, №13 мектептің топ мүшелері, №4 мектеп-лицейінің, Дм.Карбышев атындағы №14 мектептің командалары ерекше көзге түсті.

Қалалық іс-шара ұйымдастырушылары №18, №19 жалпы білім беретін мектептерінің және Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының ұжымына ойын өткізуге ат салысқаны үшін алғыс білдірілді. Жеңімпаз топтар мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталып, барлық топтарға «Абайдың қара сөздері» кітаптары табыс етілді. Демеушілік көрсеткен «Саналы ұрпақ» ҚҚ сыйлықтар табыс етті.


Гүлзада ШАЙМАРДАНҚЫЗЫ,
№18 ЖББМ қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Рудный қаласы

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

2 дня назад в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

2 дня назад в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

2 дня назад в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

2 дня назад в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.