Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
08/11/26 Воскресенье

Тәлімгер мен жас маман үндестігі

Выпуск - №44(440)   :   11.11.2020
1504

Тәлімгер және жас мамандарды қолдау негізінде, қазан айының 1-і мен 28-і аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша филиалында дәстүрлі түрде үшінші рет «Тәлімгер + Жас маман = Команда» байқауы өткізілді.


Бұл шара халықаралық серіктестік жобалар бойынша Омбы облысының білім беруді арттыру институтының «Педагогикалық шеберлік академиясы: ХХІ ғасыр дағдылары» халықаралық әдістемелік орталығымен бірге өткізіліп отырылған іс-шаралардың бірі десек те болады. Омбы облысының білім беруді арттыру институтының ректоры Горбунова Татьяна Станиславовна байқаудың ашылу рәсіміне қатысып, байқаудың маңыздылығы мен ерекшеліктерін атап өтті.

Байқау мақсаты мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру, тәлімгер педагог пен жас педагог арасында тәжірибе алмасу, командалық жұмыс мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Байқау мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру мен нығайту, кәсіби қарым-қатынасты белсендіру, тәлімгер педагог пен жас педагог арасында тәжірибе алмасу, пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, командалық жұмыс мәдениетін қалыптастыруды жүзеге асырады.

Байқауға барлық білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алды. Жалпы қазанның 1-19 аралығында өткен байқаудың сыртқы кезеңіне 67 жұмыс қатысты, соның ішінен 12 жұмыс 2-кезеңге өткізілді. Сыртқы кезеңге байқау ережесі бойынша педагог-тәлімгер мен жас педагог бірлесе өткізген, сабақ бойынша іс-әрекет презентацияларын бағалау болжанады (жас педагогтің жұмыс тәжірибесі – 5 жылға дейін), ол жұмыс «Команда – ол күш-қуат» ұранымен (сабақ процесінің кез келген бағыты бойынша, кез келген түрде) және өткізілген әдістемелік құралдары ұсынылды.

Ал қазанның 28-і күні «Тәлімгер + Жас маман = Команда» байқауы ZOOM платформасында іштей қашықтан ұйымдастырылды. Екінші бөлім 2 кезең бойынша өткізілді, жалпы талаптары: педагог-тәлімгер мен жас маман үшін байқау сынағы «Бөлісу арқылы даму» шеберлік-сынып өткізу болады, онда ол білім беру үдерісін ұйымдастырудың нақты тәжірибелерін пайдалануда жас педагогпен бірге жұмыстың әдістемелік тәсілдерін көрсетеді.

Жас педагог үшін байқау сынағы ретінде өз педагогикалық идеясын презентация ретінде ұсынып, өзімен педагог-тәлімгері бөліскен тәжірибені практика жүзінде қалай пайдаланып жүргенін айтады. Жас педагогтің педагогикалық идеясының презентациясы «Менің бастамам» ұранымен және алдын ала түсірілген сабақтың бейнежазылым фрагменттерін пайдалануды болжайды.

Осы сипатта өткізілген «Тәлімгер + Жас маман = Команда» байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздарды атап өтсек: 1-орын – Қостанай қаласы әкімдігінің №1 лицей-мектебінің директоры орынбасары Грудупс Ксения Яновна (тәлімгер), мектеп психологы Ботталова Лариса Радиевна (жас маман); 2-орын – Рудный қаласы әкімдігінің №7 мектеп-гимназисының информатика мұғалімдері Серікбай Ерік Ниязбекұлы (тәлімгер), Бердібай Мәжіт Жаңабайұлы (жас маман); 3-орын – Қостанай қаласы «Айгерим-Ай» жекеменшік мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері Алпысбаева Айнагүл Темирхановна (тәлімгер), Едых Сергей Петрович (жас маман).
Жеңімпаздарды құттықтай отырып, жас мамандардың болашағына сеніммен қараймыз. Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, ортамызға келіп, еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға және ұстаздарға қадамдары құтты, еңбек жолдары сәтті болсын деп тілеймін.

Ғалия ЖУСУПОВА,
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ
Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ
білім беру үрдісін педагогикалық-
психологиялық қолдау
кафедрасының меңгерушісі

 

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.